Кейкі батырдың қазақ даласына оралуы

21 сентября 2017 - Администратор
article14929.jpg

Жуырда Арқалық қаласынан 70 километр қашықтықта, Тасты ауылына жақын маңда Кейкі батыр бабамыздың кесенесі бой көтерген еді. Таяудағы мұсылмандар үшін қасиетті күн саналатын жұмада оның бас сүйегі туған жер топырағына салтанатты түрде тапсырылды. 

Біздің заманымызға дейінгі уақытта елінің қамын ойлаған батыр бабамыздың жерлеу рәсімінде әскери құрмет көрсетіліп, ерекше мереке белгісінде аспанға оқ атылды. Аталмыш іс-шараға қатысқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Кейкі Көкембайұлына арналып өткізілген митингте сөз сөйлеп, бұл мерекенің астарында үлкен мән жатқандығын айтты. Оның айтуынша, мұндай батыр тұлғаның сүйегінің туған жер топырағына тапсырылуы Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында келтіріп өткен тапсырмалардың бір парасының орындалғандығы. Еліміздің рухани жаңғырып келе жатқандығының дәлелі де осы күн.
 


Жерлеу рәсіміне Қазақстандағы Венгрия елшісі Андраш Бирани, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, сенатор Серік Ақылбай, танымал жазушы және қоғам қайраткері Сәбит Досанов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты. Кейкі бабамыздың туған жерге оралуы айтулы оқиға ғана емес, оның кесенесі еліміздегі қасиетті орындардың қатарына енеді. Яғни, оған жолаушы адамдар және де арнайы іздеп келушілер тоқтап, құран бағыштап тілек тілейді. Осы іс-шараны өткізу барысында Арқалық қаласында бірнеше нысандар мен жолдар жаңартылды. Танымал архитектор Бек Ибраевтың жобасымен Арқалық-Торғай тасжолының бойында Кейкі батыр мавзолейі салынды. Бұл жоба бірнеше қазақ ұрпағының атақты бабамызды жерлеуде үлкен құрмет көрсетіліп, туған жер топырағына салтанатты түрде тапсырылумен арман еткен мақсаттарын жүзеге асырғандай болды. Себебі, батырдың абыройына лайықталып салынған кесене нағыз Кейкі бабамыздың ерліктерін айшықтап тұрды. Батырдың жерлеу рәсімінде құран бағыштап, оған құрмет көрсетуге мыңнан аса адамдар жиналды. Ұлы мерекеге орай 30-дан аса қазақтың киіз үйі тұрғызылды. Сонымен қатар, үлкен тойда қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар, концерттік бағдарламалар, айтыс және өзге де бірқатар іс-шаралар өткізілді. Оның барлығы қазақ халқының салт-дәстүрі мен қонақжайлығын дәлелдегендей болды. Жүлдегерлерге қомақты қаражат көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен қатар, бас жүлдегердерге автокөліктер ұтысқа тігілді. Торғай даласында дүркіреп өткен бұл іс-шаралардан бөлек, Арқалық қаласындағы театрда Кейкі Көкембайұлының өмірі мен өлімінен сыр шертетін ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда жиналған қауым Кейкі бабамыз туралы толығырақ мәліметтермен қанықты.  

 

Бүгінгі Қазақстан деген елді әлемге танытып отырған Тәуелсіздік бабаларымыздың қанымен келді. Кейкі сол батырларымыздың бірі де, бірегейі. Қазақ елі сонау сақтардан бастап, ғұндардан және түркі қағанатынан бастау алған терең тарихтың иесі. Сан ғасырлық байтақ шежіреміздің беттерінде ұлтымыздың осы күнге іргелі ел ретінде жетуі жолында, ерен ерлік көрсеткен қаншама жаужүрек батырлардың, қаһарман қайраткерлеріміздің есімдері алтын әріппен өшпестей болып жазылып қалды. Солардың арасында, жиырмасыншы ғасырда ерлік дәстүрін жалғастырған сайып қыран, сардар Кейкі батыр ерекше орын алады. Қазақтың қас батыры, құралайды көзге атқан мерген Нұрмағамбет Көкембайұлы рухына лайықты құрмет көрсету көрінісіне айналып отырған бұл рәсімнің рухани және қоғамдық саяси өміріндегі мәні зор. Сол себептен, батыр тұлғаның сүйегін жерлеу рәсіміне мыңнан аса халық жиналып, рухына құран бағыштады. Мұндай тағылымы мол оқиғалар арқылы халық санасы өсіп, ел бірлігі нығайып, ұлт рухы асқақтай түспек...

– Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстан тарихында айырықша орын алатын аса маңызды оқиғаның куәгері болып отырмыз, – дейді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы. – Ұлы даланың тұғырлы тұлғасының бірі, әрі бірегейі – Нұрмағамбет Көкембайұлының ғасырға жуық уақыт бойы сырт елде сақталып келген бас сүйегі жаңа ғана туған жер топырағына тапсырылды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауының арқасында былтыр баһадүр бабаның бас сүйегін қайтару туралы келісімге қол жеткізілгенін жақсы білесіздер. Бұл жайт Мемлекет басшысының халықаралық беделін тағы бір мәрте айшықтап берді. Биыл Қазақстан Үшінші жаңғыру үдерісін бастап кетті. Экономикалық өрлеу және саяси реформалармен қатар қоғамдық сананы, ұлт жадын рухани тұрғыдан жаңарту жалғасуда. Соның аясында қазіргі ұлан ғайыр тарихымыздың зерттеуіне баса мән беріп, бай мәдениетімізді қайта байыптап, ұлттық жадымызды жаңғыртып жатырмыз.

Тарихымызда Тәуелсіздік алғалы қайта қарастырылып, толықтырылып жатқан ақтаңдақ тұстар аз емес. Соның бірі, осынау киелі Торғай өңірінде басталған 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің беймәлім беттері. Ұлт-азаттық сипаттағы сол оқиғаның басы-қасында жүрген Кейкі бабамыздың тағдыры талайлы болып, оның рухы туған халқымен енді қайтадан қауышып жатыр. Ол атақты халық батыры Амангелді Үдербайұлының үзеңгілес серігі болған. Елінің амандығын, жұртының азаттығын, халқының қамын ойлап сол жолда жанын аямаған нағыз жаужүрек қайтпас қаһарман. Кейкі батыр тұлғасымен тағдырының ерекшелігі өз заманындағы егескен екі жүйеде емес, ел-жұртына ғана қызмет еткендігі есесі кеткеннің жоғын жоқтап, зорлық көрген жандарды жақтап өткен әділеттіліктің жаршысы бола білгендігі. Өжеттілік пен ерлігі қоса, ол парасаттың туын биік көтеріп, ар-намысты бәрінен де жоғары қойған абзал болмысымен айрықша өркештеніп тұрады. Біздің қазіргідей азат, төрткіл дүние түгел мойындаған жаңа тұрпатты Тәуелсіз мемлекетіміздің арғы тарихының парақтарында осындай орны бөлек ерлердің ерен істерінің өшпес іздері жатыр. Яғни, біз бабалар жолын жалғастырған жоралы жұртпыз. Кейкі батыр сияқты еңіреген ерлердің мұрагеріміз, ұлағатты ұрпақпыз. Біз бүгін сол асыл азаматтардың өр рухының алдында тағзым етіп, елдік жолындағы ерліктері үшін басымызды иеміз. Халқымызда «Өлі разы болмай, тірінің көсегесі көгермейді» деген тағылымды сөздер бар.  Осы оқиғаны киелі қазақ жеріне ұлттық рухтың оралуына балауға болар. Біз өнегелі өткенімізді қастерлеп, баянды бүгінімізді бекемдеу арқылы жарқын болашаққа батыл қадам басатынымыз анық. Кейкі бабамыздың құрметіне өткен іс-шара рухани жаңғырудың басталғандығының анық дәлелі.   
 


Шараға елімізге танымал белгілі өнер және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, алыс-жақын шет елдерден келген меймандар қатысты. Ел ағалары мен қаламгерлері атынан мемлекеттік сыйлықтың және Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, жазушы Сәбит Досанов сөз сөйледі. Жазушының айтуынша, бұл той Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты рухани үндеуімен үндес, жасқа да, жасымысқа да ерлікті қастерлеуге, елді сүюге жетелейтін жетелі жемісті жұмыс екендігін айта өтті. 

Және де бабамыздың бас сүйегін өзге елден алдыруға және одан кейінгі іс-шараларды ұйымдастыруға батырдың ұрпақтары да атсалысты. Кейкі батыр ұрпақтары атынан мемлекет қайраткері Серік Байсейітұлы сөз сөйлеп, осы іс-шараның атқарылуына бірден-бір себепкер болған жандарға алғысын білдірді. Батырдың басына құран бағыштауға келген жандар кесененің маңайында құрылған 30-дан аса киіз үйлердегі астан дәм татты. Сонымен қатар, концерттік бағдарламалар, бәйге, қазақша күрестен сайыстар өтті. 
 


Амангелді ауданы әкімдігі мен «Амангелді» қоғамдық қоры халық батыры Кейкі Көкембайұлын дәріптеп, ерлік ісін келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында «Кейкі батыр» атты республикалық ақындар мүшайрасын ұйымдастырған болатын. Республикалық деңгейде өткізілген. байқауға келіп түскен өлеңдерді Ақылбек Шаяхмет, Серікбай Оспанов, Нұрқанат Құлабаев, Салтанат Өтелбаева сынды ақындар саралады. Өлеңдерінде Кейкі бабамыздың өмірі, ерлік істерін жыр-шумақтарымен өрнектеген бірнеше ақындар Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегеновтің қолынан марапатталды. Қорытындылай келе, бірінші орынды жеңіп алған Батырлан Сағынтаев 300 мың теңгелік ақшалай сыйлықты  иеленді. Ал 200 мың теңгелік сертификатты қанжығасына байлаған Абылай Мауданов екінші орында. Және же жүлделі үшінші орын алған Көкбөрі Мүбарак 100 мың  теңгеге ие болды. Сонымен қатар, өзге де ақындар да сыйлықтан құр қалмады. А.Нұрманов атындағы сыйлық Жұма-Назар Сомжүрекке, ал Б.Әлмағамбет атындағы жүлде Хамитбек Мұсабаевқа бұйырды. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар беріліп, жинақ шығарылды.

Арқалықтағы Кейкі батыр есімін ұлықтауға арналған тағы бір ақындар айтысы өтті.  «Бас кеспек болса да…» атты республикалық айтыс тартысты өтті.Онда қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды Тоба Өтепбаев, Әсем Ережеқызы, Саягүл Бірлесбек бөлісті. Екінші орынды Мұхтар Ниязов пен Дидар Қамиев алды. Бірінші орынды қазылар Айбек Қалиевке лайық деп шешті. Ал бас жүлдені Маржан Есжановаға берді. Ол бас жүлдеге тігілген темір тұлпарға ие болды. Айтысқа қатысқан және жүлде алған ақындарға да сый-сияпат жасалды.

Кейкі батыр кесенесі орналасқан Аманкелді ауданына қарасты Тасты ауылында  жерлеу өткеннен кейін іс-шаралар жалғасын тапты. Солардың бірі, республикалық деңгейде болған қазақ күресінен тартысты сайыс. Додаға елімізге танымал, өз өңірінде бірнеше мәрте жеңімпаз атанған алыптар жиылды. «Қазақстан барысы» турнирінің 2014 жылғы жеңімпазы Мұхит Тұрсынов  та мұнда бақ сынады. Ол бірінші кездесуінде Жанкелдин ауданының палуанын айқын басымдылықпен ұтты. Сонан соң астаналық тәжірибелі спортшы, дзюдодан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Сергей Пакты тізе бүктірді. Ал тағы бір топжарған палуан Айбат Сейтен алғашқы айналымнан сүрінбеді. Екінші кезеңде оған грек-рим күресінен Азия чемпионы Талғат Жиентаев қарсы тұрды. Дегенмен, талай доданың шаңын қаққан Айбат Сейтен қарсыласын алып ұрды. «Арқалық барысы» Ғабит Балғынбаев та бабында екенін көрсетті. Ол да бастапқы қарсыластарын айқын ұтып, жартылай финалға шықты. Ғабит боз кілем иесі, аманкелділік Рысбек Дәуітпен кездесті. Бұл жолы да арқалықтық жігіттің бағы жанды. Жұртшылық Мұхит Тұрсынов пен Айбат Сейтеннің күресін күткен-ді. Міне, сыралғы қарсыластар тағы жолықты. Бірге жаттығып жүрген білектілердің бәсі Айбаттың пайдасына шешілді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Мұхит Тұрсынов Рысбек Дәуітті жеңді. Финалда бірінен-бірі асқан сақа палуандардың арасынан Арқалық қаласынан келген Ғабит Балғынбаев озды. Ол Айбат Сейтенді ұпай санымен ұтып, «Түйе палуан» атанды. Осылайша, Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегенов жарыс жеңімпазы Ғабит Балғынбаевқа автокөліктің кілтін тапсырды. «Әрине, халықаралық жарыстарда озық шығып жүрген кілең мықтыларға қарсы тұру қиынға соқты. Дегенмен, намысқа тырыстық. Турнир жеңімпазы атанғаныма қуаныштымын, — деді ол журналистерге берген сұхбатында.
 


Кейкі батырдың сүйегін ұлықтап, жер қойнына беру рәсімі өткен соң, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында «Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы. Өмірі мен өлімінің тарихы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциямен басталды.  Оның жұмысын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ашып, жүргізіп отырды. Конференция Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде жүзеге асып жатқан құндылықтарымыздың жарқын көрінісі болды. Бірнеше қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысқан мәртебелі жиынның ашылуында ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен Венгрияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Жиын барысында ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты, саясат ғылымдарының докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, ҚР Орталық музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент Нұрсан Әлімбай, «Алаш» халықаралық әдебиет сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлы баяндама жасады. Кейкі батырдың ұрпағы Сейтқали Қосжанов сөз алып, қиын қыстау заманда елінің болашағы үшін басын бәйгеге тіккен батырды ұлықтауда мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан ауқымды шараларға алғысын жеткізді. Баһадүр батырды еске алуға арналған республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция соңы марапаттауларға ұласты. Атап айтқанда: ҚР Орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай, өлкетанушы, «Кейкі батыр» кітабының авторы Шөптібай Байділдин, Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғарин, архитектор, Кейкі батыр кесенесі жобасының авторы Бек Ыбраев, «Алюминстрой» ЖШС бас директоры Абай Мұқанов, журналист, Кейкі Көкембайұлы кітабының авторы Мақсұтбек Сүлейменов, Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегеновтер «Кейкі батыр» естелік төс белгісімен марапатталды.

 Облыста бой көтерген Кейкі батыр кесенесі «Киелі Қазақстан» жобасына кіретін болды. Бұл туралы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали Қостанайда өткен Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімінде айтты. «Естеріңізде болса, биыл «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болатыны анық, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Осылардың бəрі рухани дәстүрдің басты негіздері. Біз — рухани тарихы бар елміз. Сол себепті өткенімізді бағалай білгеніміз абзал», – деді ол.   


Андраш БАРАНИ,
Чрезвычайный и Полномочный посол Венгрии


Как отметил Андраш Барани, Республику Казахстан и Венгрию объединяют несколько факторов: это не только дипломатические отношения, сегодняшние культурно-экономические связи, но и общие исторические корни. Более тысячи лет назад предки венгров отправились в долгое путешествие и обрели новую родину на территории сегодняшней Венгрии. Отправились они в путь из Великой степи Западного Казахстана, через несколько веков к ним прибыли кыпчаки, чьи потомки и по сей день живут в Венгрии, сохраняя свою кыпчакскую идентичность.

– Я горжусь тем, что работу по идентификации останков и восстановлению облика Нурмагамбета Кокембай улы (Кейки батыра) доверили венгерским антропологам из Музея естественных наук Андрашу Жолт Биро, Шандору Евингеру и Агнешу Куштару. Наши ученые вложили в работу знания, сердце и душу, чтобы воссоздать истинный облик народного героя Кейки батыра. По оценке специалистов, настоящий облик батыра почти не отличается от художественного портрета, созданного по рассказам очевидцев. Сегодня восторжествовала историческая справедливость, и останки Кейки батыра были преданы родной земле. Символично, что в венгерском языке тоже есть слово «батыр», оно обозначает «смелый». Пусть на казахской земле будет больше любящих Родину патриотов, каким был Кейки батыр. Сегодня был сделан очередной шаг для того, чтобы память о батыре навсегда осталась в наших сердцах. 

– Почему венгров считают в Европе кочевниками?

– Потому что наши предки действительно были кочевниками, часть из них прибыла когда-то с территории нынешнего Казахстана, его западных и центральных областей. Многое от кочевников сохранилось в нашем жизненном укладе и быту. Особой популярностью пользуется, например, колбаса из конины. Правда, она отличается от казахского шужука специями и добавками. В начале 13 века на территорию Венгрии прибыли кыпчаки под предводительством хана Котяна, сейчас 350 тысяч потомков кыпчаков проживают в двух центральных провинциях страны. Два из восьми министров Венгрии имеют кыпчакские корни, для кыпчаков Казахстан – это Родина предков.

– Как выглядит сегодняшнее казахстанско-венгерское сотрудничество?

– Венгрия – одна из первых признала суверенитет Казахстана, и сегодня он – наш стратегический партнер в Центральной Азии. Граждане нашей страны имеют безвизовый въезд в РК. Мы, со своей стороны, прилагаем максимум усилий для упрощения визового режима для граждан Казахстана в Шенгенскую зону. В июне этого года открылся новый авиамаршрут: Астана – Будапешт – Астана, беспосадочный полет в одну сторону длится пять часов. На 2017-2018 учебный год Венгрия предоставляет гражданам Казахстана 200 стипендий для бесплатного обучения в 41 вузе. По прогнозам экспертов, товарооборот между нашими странами составит в этом году полмиллиарда долларов. В духовной сфере наши страны объединяет непоколебимое стремление к свободе и независимости, несмотря на все перепитии истории. Казахи и венгры – мәнгілік достар!

 

Серик БЕКТУРГАНОВ,
депутат Сената Парламента, кандидат философских наук


– В течение одной недели на территории Костанайской области была увековечена память двух уроженцев нашего региона: в областном центре установлен памятник Шакшаку Жанибеку, одному из величайших полководцев в казахской истории, – отметил кандидат философских наук, депутат Сената Парламента Республики Казахстан Серик Бектурганов. 

Аналогичных по своей величественности монументов в стране немного. На следующий день в Амангельдинском районе были преданы земле останки народного героя Кейки батыра. Наша задача – сохранить и передать потомкам имена и ратные поступки батыров, не мифических героев, а реально существовавших исторических личностей. Решение о возведении мавзолея Кейки батыра было широко поддержано местным населением. По зову сердца и внутренней духовной потребности к месту увековечивания народного батыра съехались тысячи людей. Я считаю, что сегодняшнее событие имеет важное общественно-политическое и духовно-культурное значение в укреплении единства и национального духа народа.



Ақбота САҚҰЛОВА,

суреттерді түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев