Жылумен жабдықтаудың жаңа жүйесі

15 сентября 2016 - Веб-редактор

Қостанайдағы жылу-энергетикалық компаниясында құбырлардың 72 пайызы жөндеуге мұқтаж. Салдарынан, инженерлік жүйелерде жиі ақаулар болатыны аян. Бірақ, коммуналшылар жақын арада жағдайдың түзелетінін айтады.

 


Мамандардың сөздерінше, биыл бірқатар қазандықтар «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өткізілмек. Мұның үстіне, коммуналшылардың жылумен жабдықтаудың тиімді жүйесіне көшу жөніндегі жоспарлары да жоқ емес. Техникалық кеңестің отырысында сала мамандары жаңа жобаны таныстырды.

 


Инженерлік-инфрақұрылымды жаңғырту – халықтың тұрмыстық деңгейін жақсартудағы тетіктердің бірі. Сондықтан осы салаға мемлекет қолдау көрсетуден аянып қалған емес. Жыл сайын су және жылу құбырларын жаңартуға бөлінген қаражат молайып келеді. Бүгінгі таңда коммуналшылар жылумен жабдықтаудың тиімді тәсілдерін тұтынушыларға ұсынуға әзір. Нақтырақ айтсақ, сала қызметкерлері жылумен қамтудың ашық жүйесінен жабық жүйесіне көшуге кеңес береді. Неге екенін Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының басшысы Асқар Бекпағанбетов түсіндірді:

 


– Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде ыстық су жылу желілерінен тікелей тарайды. Осы тұрғыда бірқатар кемшіліктердің бар екенін айта кеткен жөн. Біріншіден, құбырлар арқылы жіберілген судың сапасы санитарлық ережелерге жауап бермейді. Судың түсі өзгеріп, және жағымсыз иіс пайда болады. Оны кетіру үшін химиялық заттар қолданылады. Ашық жүйесінде сол секілді тез ысымайды.

 


Есесіне, жабық жылумен жабдықтау жүйесінде қажетті су арнайы құбырдан алынады және жылуалмастырғышта қыздырылады. Демек, жылу таратудың тап осы түрін коммуналшылар тиімді деп отыр. Біріншіден, инженерлік жүйенің жұмысын оңтайландырады. Екіншіден, жылу тасымалдағышты реттеу арқылы отынның шығынын азайтады. Және ең маңыздысы – ыстық судың сапасын жақсартып, апат санын азайтады.

 


– Қостанай қаласының бас жоспарында жылумен қамтудың жабық жүйесіне көшудің кестесі белгіленген, – дейді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Теменов. – Қазір құзырлы органдарға хаттар жіберіліп, жобалық-семталық құжаттары әзірленуде. Оған ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында жергілікті бюджеттен 5 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылады. Бірақ, осы мақсатты жүзеге асыруда біраз кедергілерде бар. Мәселен, жеке жылу пунктерін орнату үшін көп тұрғын үйлерде дәліздер қарастырыламған.

 


Әрине, баспаналардың барлығын бірден жылумен жабдықтаудың жабық жүйесіне көшіру көп уақытты, әрі көп қаражатты талап ететіні белгілі. Бірақ, ниет болса, кез келген қиындықты еңсеруге болады. Коммуникациялық желілердің жай – күйін талықлауға арналған техникалық кңесте сала мамандарының пікірі осыған саяды.

 

 

Ғали ОСПАН  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев