Облысымызда қазақ тілін орыс тілді азаматтарға насихаттау басталды

7 сентября 2017 - Администратор

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыста «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мемлекеттік тілді орыс тілді азаматтарға насихаттауға арналған шарасын бастады.

«Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың» – деп дауылпаз ақын М.Жұмабаев жырлағандай, қазақ тілі – ата-бабамыздың ұрпағына аманаттаған асылы, халқымыздың небір жаухар мұраларын қалыптастырушы, әдебиетіміз бен мәдениетімізді сақтап қалушы әрі болашаққа жол сілтейтін құнды жәдігеріміз болғандықтан шараның негізгі мақсаты да – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі асқақтату, қазақстанда тұратын этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі екенін ұғындыру.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, жас ұрпақ тәрбиесінде, патриоттық тұрғыда, ғылым-білім, технология саласында мемлекеттік тілдің атқарар рөлін айшықтау. Сондай-ақ, шара барысында қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен жер-су, көшелердің тарихи атауын қайтару турасында әңгіме қозғалып, пікірлер ортаға тасталды.

Халықтың орналасу тығыздығына байланысты алып қарайтын болсақ, өзге аймақтарға қарағанда  облыста өзге ұлт өкілдерінің саны басымдау. Қазіргі таңда бұл өңірде жергілікті ұлт өкілдерінің, яғни, қазақтардың үлес салмағы 38 пайызды құраса, славяндық этнос өкілдері 50 пайыздан асып жығылады.

Әрине, өңірде мемлекеттік тілдің ахуалын жақсарту бағытында әлі де көптеген жұмыстарды жүзеге асыру талап етіп отырғаны байқалады. Демек, мемлекеттік тіл мәселесі де өзекті күйде қалып отырғаны жасырын емес. Дегенмен, бұл бағыттағы істер әлі де болса нәтижелі жұмыстарды қажет ететіні байқалады.

Осындай түйткілді олқылықтарды толтыру мақсатында жергілікті өзге ұлт өкілдерінің, сондай-ақ, ана тілін білмейтін қазақтардың мемлекеттік тілге деген ықыластарын оятып, талпыныстарын күшейту жолында кешенді шараларды жүзеге асыру қажет-ақ. Аймақтағы тілдік ахуалды қазіргіден де жетілдіре түсуі керектігі айтпаса да түсінікті.

Өңіріндегі бұл басқосу – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге, мемлекеттік тілді өз тұғырына қондыруға, тілдің қажеттілігін арттыруға, талапты күшейтуге, тілдік ахуалды үнемі назарда ұстауға, кемшіліктерді түзеуге, жетістіктерді толықтыруға, бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік тілдің жағдайына мән беріп, келелі істерді жүзеге асыруға бағытталды.

Шара барысында облыс әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қазымбек Жармағамбетұлы: «Қазақ тілі – ұлт тілі, халық тілі. Бұл айнымас шындық. Кешегі орыстандыру саясаты тіл өркениетінің кең қанат жаюына кері әсерін, салқынын тигізгені жақсы білеміз. Әсіресе солтүстік өңір халқы ана тілін ұмытып қалғаны ащы да болса шындық. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мұрындық болған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» шарасы төрт жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан игі бастама десе де болады. Шараның берері мол. Біздің өңірде орыстілділер көп болғанымен қазақ тілін меңгеруге деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласы басым. Соның бір айқын көрінісі славян халқы өкілінің 780 баласы қазақ мектептерінде дәріс алып жатса, «Тілдарын» орталығында қазақ тілін үйренушілердің қатары күннен күнге артып келеді» деп ағынан жарылды.

Қала тұрғыны Юрий Ивлев ақсақал «Мен қазақ тілін екінші ана тілім деп санаймын. Қазақ тілінде жетік сөйлеймін. Әрбір елін, жерін шексіз сүйетін адам тілге ерекше құрметпен қарап, тіл жанашыры болу керек. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері осыны түсінсе екен деймін. Балаларының болашағын ойлайтын әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді үйренуге ықыласты болуы қажет. Мемлекеттік тілге немкетті қарау, балалар болашағына мән бермеу деп санаймын» дейді.

Ендеше, мемлекеттік тілді дамытуда пәрменді іс күтеміз. Мемлекеттік тіл мәселесі тек тіл фестивальдарымен, байқаулар өткізумен, мемлекеттік қызметкерлерді оқытумен шешілмейтіні анық. Барлық ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл аясының төңірегіне топтастырып біліп, ортақ мақсатқа ұйыстыра білу керек. Өңірде басталған шара да осы мақсатты көздейді.

Шараға қоғам қайраткері Дос Көшім қатысып, халық арасында мемлекеттік тіл мәселесін ақпараттандыру жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пікір алмасып, ойын ортаға салды.

 

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев