Құрметті қостанайлықтар!

8 сентября 2016 - Веб-редактор

Мұсылман қауымның ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесімен құттықтауымды қабыл алыңыздар.

 


Сан ғасырлар бойы Құрбан айт Жаратушы Алланың атына құрбандық шала отырып, сенім, рақымдылық, мейірім мен өзара қамқорлық сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттайтын мереке болып саналады.

 


Көпұлтты Қазақстанда Құрбан айт басқа діни мерекелермен қатар халқымыздың рухани және мәдени құндылықтар жүйесінде айрықша орын алады.

 


Дәстүрлерінде, салттарында, діни наным-сенімдерінде өзгешеліктердің болғанына қарамастан, бізді – барша қазақстандықтарды еліміздің тұрақты дамуына, туған жерімізде бейбітшілік пен берекенің сақталуына деген ортақ мақсаттар мен мүдделер біріктіреді.

 


Құрбан айт күні Қостанайда жаңа мешіттің ашылуының ерекше мәні зор. Ол қостанайлықтардың ізгі ниеті мен терең сенімдерінің арқасында салынды. Бұл біздің бейбітшілік пен жасампаздықтың діні – исламның биік құндылықтарына беріктігімізді тағы бір мәрте көрсетіп берді.

 


Қасиетті Құрбан айтта жасалған бір қайырымды іс басқа уақытта қолға алынған ізгі қадамдардың онына теңестіріледі екен. Бұл күні мұсылман қауым көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, өкпе-реніштерін кешіріп, мерекелік дастарқан жаяды.

 


Лайым Құрбан айт мерекесі әрбір шаңыраққа бақыт, береке, молшылық әкелсін! Сіздердің барлық игі арман-тілектеріңіз орындалсын. Құрбан айт қабыл болсын, ағайын!

 

 

А. Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео