Ырысты ысырапсыз жинасақ

4 сентября 2014 - Веб-редактор
article4745.jpg

Толассыз жауын кей өңірлерге кесірін тигізгенімен, облыстың оңтүстік аймақтарында жағдай басқаша. Мысалы, Аманкелді ауданы мен Арқалық қаласының алқабында көрген көз қуанар егістік жайқалып тұр. 

 

Оған таяуда Торғайға іс-сапарлап барғанда, облыс әкімі Нұралы Садуақасов та куә болды. Диқандармен жүздескен өңір басшысы бар егінді ысырап етпей жинау керектігін айтты. Шаруалардың болжамынша, әр гектарына 8-10 центнерден өнім түсуі мүмкін. Күзгі науқанға әзірлік жаман болған жоқ. Шаруаларға төмен бағамен қажетті тыңайтқыш та, жанар-жағармай да уақытында ұсынылды. Техникалары да жарап тұр.
 
Алқаптарды аралаған аймақ басшысы егінші қауымның жиын-терім жұмыстарын ойдағыдай аяқтауына сәттілік тіледі.
 
–  Егінді әр мезгілде еккен диқандар да бар, сондықтан биыл астық шығымы да әртүрлі болмақ. Мәселен, Жітіқара, Қамысты және Таран, Денисов аудандарының бір бөлігінде жағдай көңіл көншітпейді. Қа-расу, Сарыкөл, Ұзынкөл, Мең-діқара, Қарабалық, Қостанай аудандарында астық бар. Бай-қағанымыздай, биыл оңтүстік өңірлерде де астық шығымы жаман емес. Алғашында көңілдері күпті болған аманкелділіктер әр гектарына 7 центнерден өнім аламыз деп жүрген. Енді, міне, 10 центнер деп нық сеніммен айтып отыр. Арқалық қаласы 6 центнерден өнім күткен еді, оларда 7-8 центнерге жетуі тиіс. Жалпы, облыс бойынша 5 миллион тоннадай астық жиналады деген үміттеміз. Ендігі басты мақсат – бар астықты ысырапсыз жинап алу, – дейді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
 
Өңір басшысы шаруа қожалықтары иелерімен жүзде-суінде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың бұл өңірлерде қалай атқарылып жат-қандығынан хабардар болды. Аманкелді ауданының әкімі Жансұлтан Таукеновтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда оларда мал саны 28 мыңға жеткен. Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын көбейтіп жатқандар аз емес. Техника паркін жаңалауға кіріскендер де баршылық. Бір сөзбен айтқанда, осы бағытта мемлекет беретін игіліктерді пайдалануда аманкелділіктер аянып қалмауда.
 
– Өзге аудандарға қарағанда, сіздерде мал басын дамыту ерекше жақсы жолға қойылған, осы қарқыннан тай-маңыздар. Елімізде қолға алынған «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларынан да құр қалмаңыздар. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Аман-келді ауданы тағы да алда келесіздер. Ал Арқалық қала-сында бұл көрсеткіш 50 пайызды ғана көрсетіп отыр. Бұл өңірде мал саны небәрі 19 мың ғана, сондықтан сіздерге бұл бағытта көп жұмыс істеуге тура келеді. Үкіметтен көрсетіліп жатқан барлық қолдауды дер кезінде пайдаланып қалуға тырысыңыздар, инвесторларды көптеп тартыңыздар. Мәселен,  Сарыкөл ауданында қазір Балтық  жағалауынан келген және атыраулық инвесторлар жұмыс істеуде. Бұл мәселені қолға алсаңыздар, сіздерге де келеді. Себебі, шетелдіктер жұмыс істейтін жер таба алмай жүр, ал сіздерде құдайға шүкір жер жетеді. Сондай-ақ, игерілмей бос жатқан жерлерді үкіметке қайтарып алу мәселесі де шет қалмауы тиіс. Құр босқа ұстап, еш пайдаға асырмағандардың жерін алып, еңбек еткісі келетіндерге беріңіздер. Бұл бағытта дұрыс жұмыс жасамайтын шенеуніктерді де орнынан алу керек, – деп облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді.
 
Есен САБЫР 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео