Игі бастаманы құптайды

30 августа 2017 - Администратор
article14721.jpg

Жуырда «Нұр Отан» Әулиекөл аудандық филиалында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Кездесуге Елбасының мақаласын насихаттау бойынша құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері шақырылған. Бұл жөнінде толығырақ «Нұр Отан» партиясы ӘАФ кеңесшісі Айнұр ЖҰМАҒАЛИЕВА айтып берді.

Басқосуды ашқан «Нұр Отан» партиясы ӘАФ бірінші орынбасары Е.Есенғалиев, Мемлекет басшысының маңызды құжатының қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан негізгі ережелерін іске асыру жұмысына тоқталды.

– Қазіргі таңда елімізде латын графикасына негізделген қазақ жазуын жасау күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі, – деді тілдерді дамыту орталығының директоры Нұрлыбек Игіліков. – Болашақ ұрпақтың ақпарат алмасу, білім алу, шығармашылықпен айналысу факторы ретінде бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарау заман талабы. Әлем елдерінің 80 пайызға жуығы латын әріптерін қолданады. Қалай болғанда да латын қарпіне көшу түркі халықтарына ортақ жазу қалыптастыруға, шетелдегі қандас бауырларымыздың шығармаларымен емін-еркін танысуға оң ықпалын тигізетіні анық.

– Сөз алған ауданның Құрметті азаматы Сағындық Досмағамбетов ең алдымен насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, жастарды латын әліпбиіне көшіру үшін осы бастан курстық оқулықтарға жіберілуі керектігін баса айтты, – дейді Айнұр Жұмағалиева. – Әулиекөл селосы ардагерлер кеңесінің төрайымы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Гаухар Аязбаева латын әліпбиін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын мақаладан туындайтын басқа бағыттарымен біріктіруге ұсыныс енгізді. Ал ауданның Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әкімбек Қабденов өз сөзінде халық алдында бұл бастама Қазақстанға әлемдік ақпараттық-мәдени кеңістікке интеграциялауының қажеттілігі екендігін атап өтті.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Есмұхан Бейісов осындай халыққа керек игі іс-шаралардың көбірек ұйымдастырылғанын қалайтынын, Елбасының жаһандану өркениетіне қарай басқан қадамын ұлт болып қолға алуға шақырып, латын әліпбиіне көшу бүгінгі жаңа технологияларға тиімді екенін жеткізді.

Кездесуді қорытындылай келе, «Нұр Отан» партиясы ӘАФ бірінші орынбасары Марат Есенгалиев дөңгелек үстел қатысушыларына белсенділік танытқаны үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын сапалы іске асыру іс-шаралары шеңберінде барлық күш-жігерін салуға шақырды. Ол Елбасының игі бастамасын толығымен қолдайтынын бірауыздан мақұлдап отыр.

Ақбота САҚҰЛОВА,

сурет ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев