Бағдарламаның негізгі тетіктері

30 августа 2017 - Администратор

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады. Оның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бірыңғай бағдарлама төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бағдарламаның бірінші бағытында кәсіпкерлерге келесідей қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді: банктердің қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын несие қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі. Және де субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін несиелер қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

Ал ісін жаңа бастаған кәсіпкер немесе жас кәсіпкер үшін: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы 20 млн теңгеден аспайды. Бұл ретте несие ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың несиесі бойынша берешекті ескермей есептеледі және кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-ынан аспайды. Сонымен қатар, ұсынылатын кепілдік мерзімі бес жылға жуық. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 20 млн теңгеге дейінгі несиелер бойынша кепілдік мерзімі 3 үш жылды құрайды.

Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді: сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа несиелер қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Банктердің немесе даму банкінің несиелері бойынша ішінара кепілдік беру. Ол жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа несиелер бойынша ғана ұсынылады.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), индустриялық аймақтар құру шеңберінде де жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуді білдіреді.

Шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік қызметтерді көрсету нысандары орналастырылады.

Үшінші бағыт банктердің қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.

Қызметін бағдарламаға экономиканың басым секторларында немесе ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жүзеге асыратын және кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтінім бергенге дейінгі алдыңғы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайда түсіретін кәсіпкерлер бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы бола алады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын несие шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың қаржылық лизинг шарттары бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

Ол банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін несиелері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк: несие беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты және өтініш берушінің несие бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, несиелері  байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды немесе өзге де төлемдерді алмайды.

Ал соңғы төртінші бағыт – кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді.

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии