Қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру

2 сентября 2016 - Веб-редактор

Қазақстандық қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру ісі – «100 нақты қадам» жүктеген маңызды міндеттердің бірі. Ұлт Жоспарына сай, жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыстардың жемісін, жергілікті түзету мекемелеріндегі мардымды іс-шаралардан аңғару қиын емес. Мысал үшін, 161/2 ҚК абақтысында атқарылып жатқан ауқымды тірліктер – аталмыш салада өзінің зор тиімділігін көрсетіп отырған реформалардың нәтижесі.  

 

 

Темір торға тоғытылғандарға тосын сый жасау үрдісі – 161/2 ҚК түзету мекемесі қызметкерлерінің әдетіне айналған. Бұл жолы бас бостандығынан айрылған азаматтар қос қуаныштың куәсі болды. Алғашқысы – Ата Заңымыздың 21 жылдық мерейтойын атап өту болса, кейінгісі – жазасын өтеушілер кезекті рет ата-аналарымен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Мекеме өкілдері мерекеге орай, ашық есік күнін жариялап, мәдени іс-шара өткізді.

 


Мамандардың мәлімдеуінше, мұндай іс-шаралар қамаудағылардың түзелуіне оң ықпал ететін көрінеді. Олардың өнерге жақын болып, Отан өміріндегі елеулі оқиғалардан қалыс қалмауына салмақты септігін тигізеді дейді. Оны жазасын өтеушілердің өзі растап отыр. Сөздерінше, елдегі атаулы күндер абақты қабырғасында да айрықша аталып өтіледі.

 


Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің орындап отырған бұл жұмыстары игі іс деп есептеледі. Өйткені, Ұлт Жоспарында көрсетілгендей, жазасын өтеушілерге жақсы жағдай жасап, еркіндікке шыққанша қолайлылық туғызу аталмыш саладағы жаңашылдық саналды. Сондықтан, мекеме өкілдері мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз дейді. Бұл – «100 нақты қадамның» оң нәтижесі.

 

 

Нұрқанат ОМАРҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео