Жаңа элеватор бой көтеруде

21 августа 2015 - Веб-редактор

Биыл Денисов ауданында қуаттылығы 40 мың тоннаны құрайтын жаңа элеватор ашылмақ.


Нысан құрылысын «Виталмар Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатыр. Жаңа элеваторда отыздан астам адам жұмыспен қамтылмақ.


– Құрылыс жұмыстарын аяқ-тау 2015 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған, – деді Денисов ауданының әкімі Ерлан Жаманов өткен аптада баспасөз-клубындағы брифингте. – Қазір жобаның 80-85% бөлігі ғана салынып біткен.


«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірін-ші бағыты аясында нысанға қажетті инфрақұрылымдар су және газ құбырлары тартылады. Оған жұмсалатын қаржы көлемі – 36 миллион теңге. Жаңа элеватордың жалпы құны 1,8 миллиард теңге деп есептелінген. Оның 800 миллион теңгесі кәсіпорынның өз қаражаты, ал 1 миллиард теңгені несие арқылы алып отыр.


– Инвесторлар бізге жиі ке-ліп, өндіріске ақша құя бастады. Қолданысқа берілген инвестжобалар саны бойынша, облыста аудандар арасында бірінші орындамыз, – деді Жаманов мырза.
2015 жылдың басынан бері Денисов ауданының экономикасына 1,7 миллиард теңге инвестиция құйылған, ол былтырғыдан 400 миллион тең-геге көп. Индустрияландыру
картасы жүзеге асырыла бастағаннан мұнда жалпы құны шамамен 2 миллиард теңге-ні құрайтын алты нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде, кәсіпорындардың салған қаражаты 600 млн теңге-дей. Бұдан басқа, Индустрияландыру картасынан тыс, бес жоба іске қосылған. Тағы екеуі биыл бітеді. Барлығының жалпы құны – 204 миллион теңге.

 

Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео