Имамның игі ниеті

21 августа 2014 - Веб-редактор
article4642.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушылардың мектепке баруына жағдай жасау туралы тапсырмасын орындау үшін Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолға алынған дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.

 

Аталмыш акция аясында Сарыкөл аудандық «Қабдеш ата» мешітінің имамы Мұрат Тоқпаев алғашқылардың бірі болып, аз қамтылған отбасыға көмек қолын созды. Мұрат Жанұзақұлы биыл №1 Урицк орта мектебінің 3-сыныбына баратын Денис Енкулев атты оқушыға мектепке қажетті киім-кешектері мен құрал-жабдықтар алуға 12 000 (он екі мың) теңге көлемінде ақшалай базарлық берді. Мұны өз көзімен көріп, енді мектепке еш кедергісіз баратынын сезінген балақайдың жүзі бал-бұл жайнады.
 
Денистің анасы Елена Фрондзей имамның тартуына ризашылығын жеткізіп, дәл осындай науқанды ойлап тапқан азаматтарға алғысын айтып жатты. Ол жалғызбасты аналардың бірі. Екі баласын өзі бағып-қағып отыр. 
 
– Балаларды қуантудан асқан жақсылық бар ма! Мешіт имамының қайырымдылығына шексіз ырзамын, – деп босап кетті Еленаның көңілі.
Иә, расында, сәбилердің бақытты жүзін көрудің, оларды шаттыққа бөлеудің өзі бір мәртебелі бақыт. Осы орайда, барлық жұртшылықты аталмыш акцияға қатысуға шақыра кеткенді жөн санадық.
 
Руслан ӘЛКЕЙ,
Сарыкөл ауданы 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео