Аңшылық маусымы ашылады

18 августа 2016 - Веб-редактор
article11428.jpg

Көп кешікпей көпшіліктің көптен күткен қызыққа толы кезеңі – күзгі аң аулау маусымы ашылады. Құс аңдып, қолға қару алып, қаладан қашық жерде қаз-үйрек ату – кез-келген саятшының сағына күтер сәті. Бірақ, аңшылық дәстүрінің шырқын бұзбас үшін, алдымен, арнайы рұқсат қағазына қол жеткізіп, сауық мекенін анықтап алған абзал дегенді ескертеді өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері.  

 

 

Қоңыр күзде қоңыр қаз, жапан түзде жабайы үйрек атып, мергендікті бағамдайтын ата-бабаларымыздан қалған аңшылық дәстүрі әлі күнге өз өміршеңдігін жоймаған. Оның айқын дәлелі ретінде, арнайы мамандармен жыл сайын рұқсат етілетін аң аулау маусымын айтуға болады. Сан ғасырдан бері үзілмеген саятшылықтың бүгінгі баламасы жалғасуда. Биыл күзгі сауық құру сәті қыркүйек айына сәйкес кеп отыр.

 


Бір сәт бой жазып, серуендеп, сауық құру жақсы-ақ. Бірақ, бұл демалыс түрінің де өз ережелері мен талаптары бар. Аң аулау үшін әуелі мылтық керек. Ал, қару ұстауға, оны сақтауға рұқсат керек. Сондай-ақ, арнайы белгіленген аумаққа кіру үшін де мөр басылған жолдмаңыздың болуы шарт. Себебі, әуесқой аңшылар атуға болатын және болмайтын құстарды ажырата алмайды. Салдарынан сирек кездесетін қанаттылар қатары кему үстінде.

 


Қызыл кітапқа кірген құстар мен жан-жануарларды қорғау мақсатында, инспекция мамандары құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, аң аулауға арналған аумақтарда рейд жүргізеді. Шара барасында аңшыларға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл – заң талаптарын қатаң сақтаудың негізгі нышаны дегенді айтады қоршаған орта қорғаушылары.

 


Нұрқанат ОМАРҰЛЫ
сурет ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео