«...Топырақты төңкеріп тарпаң жануар!»

18 августа 2016 - Веб-редактор
article11431.jpg

Өткен демалыс күндері дәнді өлке тұрғындары үшін думанға толы болды десек, артық айтқандық емес. «Арғымақ» ипподромында аламан бәйге ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары қатысып, өңірімізде өркен жайып келе жатқан ат спортының деңгейін тілге тиек етті. Айта кету керек, аталмыш дода Қостанай облысының 80 жылдығына орайластырылған. 

 

 

«Арғымақ» ипподромында бәйге десе ішкен асын жерге қоюға әзір ағайынның қарасы қалың. Облыстың әр аумағынан келген шабандоздар мен арғымақтар өз бабында. 100 тарта сымдай тартылған сәйгүліктер жарысқа дайын. Олар алты жарыс қашықтығы бойынша бәйгеге қосылды.

 


80 жылдық мерейтой қарасаңында ұйымдастырылған бұл сайыста ат жарыстан бөлек қазақтың ұлттық ойындары да дәріптелді. Мәселен: қыз қуу, аударыспақ, көкпар сынды ойындар көрініс тапты.

 


Бәйгенің бас жүлдесіне темір тұлпар тігілді. 24 шақырым қашықтықта оза шапқан Көкшетау қаласының «Асериус» атты сәйгүлігі бас жүлдені қанжығасына байлады. 2 орын – Қостанайлық шабандоздарға бұйырды. Ал, 3 орын – Астана қаласынан келген қатысушылардың қоржынында кетті.

 


– Осындай бәйгелер жиі ұйымдастырлып тұрса деймін, – деп сөз бастады шабандоз Ескендір Белдібаев. – Мен, Астана, Алматы қалаларында болған жарыстарда бақ сынастым. Ат жаратып, бәйгеге қосу ол әр азаматтың парызы деп білемін.

 


Дүбірлі тойға келген көрермендердің де қарасы аз болмады. Мереке соңында әр елді мекеннен келіп, желмен жарыса шапқан шабандоздарға марапаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Ералы ДОСЫБАЙ
сурет ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео