Облысқа оң серпін

6 августа 2015 - Веб-редактор
article7485.jpg

Биыл елімізде «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде қайта өңдеуші кәсіпорындарды ынталандыруға 2015 жылы 2,7 млрд теңге бөлінген. 


Шаруа қожалықтарынан және жеке қосалқы шаруашылықтардан шикізат сатып алу кезінде қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін кепілдендірілген сатып алу бағасын субсидиялау өткен жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жұмыс жасай бастады. Сонымен қатар, сүт өндірушілерді қолдау жалғасын табуда. Республикалық бюджет есебінен тауар өндірушілерге субсидиялар бөлініп жатыр. Әрбір жүзеге асқан сүт көлеміне 10-25 теңгеден үлестіріледі. 


Мемлекеттік бағдарламалар облыс экономикасына да оң серпін беруде. Бірінші жарты жылдықта ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі 43,3 млрд теңгені құрады. 2015 жылы 4,7 млн гектар жерге егін себілді. Оның 3,6 млн гектарында бидай өсіп тұр. Аудандардың жүргізген сараптамасы бойынша, қазір егіннің 35% өте жақсы қалыпта деп бағалануда, 60% – қанағаттанарлық деңгейде және қалғаны (5%) көңіл көншітерліктей емес. Бүлінген егіннің үлкен аумағы Алтынсарин, Қамысты аудандарында. Таран және Жітіқара аудандарында да ондай жерлер бар. Соған қарамастан, шаруашылық басшылары, жалпылай алғанда, бітік егін шығады деп топшылап жүр.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметіне мән берсек, өңірдің оңтүстік бөлігінде күннің аптабы мен жаңбырдың жаумауы өз дегенін істей бастағанға ұқсайды. Тамыздың басында жауын болмаса, ондай жағдай алаңдатарлық күйге жетуі ғажап емес дейді мамандар.


Биыл мал шаруашылығында өсім байқалады. Ол түсінікті де. Өйткені, бұл бағытта «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» және «Ырыс» бағдарламалары жұмыс істейді. Шаруашылықтар осы алты айдың ішінде 52 мың тонна ет, 240,5 мың тонна сүт, 292,7 млн жұмыртқа өндірген. Қостанай аймағы темір және түрлі-түсті металл шығаруға да ниетті. Қазіргі таңда кен орындарында 22 жоба жүзеге асырылуда.

 

Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео