Қарқынға қарқын қосқан аудан

6 августа 2015 - Веб-редактор

«Сыбаға» бастау алған 2011-2015 жылдар аралығында Таран ауданына мыңнан астам ірі қара әкелінген. Аудан әкімі Бақберген Өтеулин өзінің жарты жылдық есебінде осы жөнінде айтып өтті.

 

Жалпы, Тарандағы ауыл ша-руашылығы саласының даму динамикасы өз деңгейінде десек жарасымды. Биыл аудан диқандары 170 мың гектарға егін екті. Қазіргі жағдайда, жалпы алқаптағы дәнді дақылдардың 80%, майлы дақылдардың 60% тамаша жайқалып өсіп келеді. Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдарының біразы техникаларын жаңалап алды, машина-трактор паркі тағы 33 техникамен толықты. 
 
Аудан мал шаруашылығына да мән беріп отыр. Бұл саладағы жалпы өнім көлемі жарты жылда 2,1 млрд теңгені құрады. 2468 тонна ет, (103,9%), 8148 тонна сүт (101,5%), 3,9 млн жұмыртқа (99,7%) өндірілген. Сойылу қанша көп болғанымен, түлік саны азайған жоқ. Мысалы: сиыр 12 075 бас (былтыр 11 961), жылқы 3 024 бас (былтыр 2 969), шошқа 5677 бас (былтыр 5 496). 
– Мемлекеттік бағдарламалар бойынша көптеген жұмыстар қолға алынып жатыр, – дейді аудан әкімі. – «Сыбаға» арқылы бес жылдың ішінде 1133 бас сатып алынды. Ағымдағы жылдың жоспары – 228 бас ірі қара. Бүгінге дейін 75 бас әкелінді. Сонымен қатар, тағы жүз басқа құжаттар дайындалу үстінде. 
 
Ауданның «Алтын асық» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қоспақ ойы бар. Сегіз жүз бас ұсақ мал әкелу жылдық жоспарында тұр. «Елжан» шаруа қожалығы 500 бас қой бағуға ниет білдіріп, өтінішін «Аграрлық несие корпорациясына» өткізіп қойған.  
 
Тарандықтар биыл «Құлан» бағдарламасы арқылы 140 бас жылқы алуға тиіс. Алғашқылардың бірі болып ынта білдірген «Ахметжанов» шаруа қожалығы 143 басты бірден алғысы келеді. Оның да өтініші несие беруші ұйымда қаралып жатыр.  
 
«Жайылымдарды суландыру» бағдарламасын орындау үшін геологиялық деректер жинау жұмыстары жүргізіліп, «Геобайт Инфо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (ЖШС) келісімшарт жасалды. Жыл аяғына дейін жобаланған шаралар өз мәресіне жеткізілмек.
 
Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жемісті. Екі жақты келісімшартты бұзу арқылы жалпы көлемі 1377 гектар қайтарылса, ал иесіз жатқан 1203 гектар аумақ мемлекет меншігіне өтті. Наурыз айында сол жерлерді жалға беру туралы конкурс жарияланған болатын. Бір серіктестік пен бес шаруа қожалығының бағы жанды. Енді сол алқаптар олардың бағы бола ма, әлде соры ма, оны уақыт көрсетеді.
 
Алты айда аудан экономикасы 3 млрд 347 млн теңге инвестиция құйылған. Былтырғы көрсеткіштен 3,6% артық.
 
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынған күннен бүгінге шейін ауданда жалпы құны 1 млрд 302 млн теңгені құрайтын тоғыз жоба жүзеге асырылған. Олардың ішінде, «Сұлу» ЖШС-нің өсімдік майы өндірісі мен «Первомайский щебзавод» ЖШС-нің қиыршық тастарды ұсақтау-сұрыптау кешені құрылысын ерекше атап өтуге болады. Соңғысы екі жүз млн несиесін биыл алып, жұмыстарына кірісіп кетті.
 

Ерболат ЗЕЙНЕЛОВ,
Таран ауданы 
 

 

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео