Дайындық өз деңгейінде

14 августа 2014 - Веб-редактор
article4607.jpg

 Қазақстанда егістік алқаптарының жағдайы қалыпты. Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі осындай ақпарларымен бөлісті.

 

Биыл егістік алқаптары 21,8 млн гектарды алып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 314,7 мың гектарға (1,4%) артық. Егістіктің 15,6 млн гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, соның ішінде 12,8 млн гектарына бидай егілген. 
Тамыз айындағы жағдайға көз жүгіртсек, дәнді дақылдар егістерінің 49,3%-ы (7,5 млн гектар) жақсы, 44,8%-ы (6,8 млн гектар) қанағаттанарлық, 5,0%-ы (0,8 млн гектар) нашар күйде, 0,8% (0,1 млн гектар) жойылды. Ал былтыр осы кезеңде 64,8% жақсы бағаланған, сондай-ақ 30,8% қанағаттанарлық, 4,1% нашар күйде болған, жойылғаны – 0,3%.
Министрліктің мәлімдеуінше, ағымдағы жағдай бойынша масақ шығу – гүлдену фазасында 7,9 млн гектар немесе жалпы егілген алқаптан 52,0%, пісу фазасында 7,2 млн гектар немесе 47,2%.
Осы жылы егін жинау науқанына шамамен 45,0 мың бірлік астық жинау комбайны, 156,2 мың бірлік трактор, 15,0 мың бірлік дестелегіш, 46,8 мың бірлік жүк автомобилі тартылады. Тамыз айына дейін комбайндардың дайындығы 94% құрады, дестелегіштер – 94%, кептіргіштер – 95%, механикаландырылған токтар – 96%.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ди-
зель отынына сұранысы шамамен 410 мың тонна-
ға жетіп отыр. Биыл күзгі жиын-терімді өткізуге жанар-жағармай арзандатылған бағамен ұсынылды, яғни, литрін шамамен 95 теңгеден. Алайда, операторлардың шығындарын ескере отырып, дизель отынының орташа бағасы өңірлерде сәл көтеруге тура келді. Жанармай құю бекеттерінде литрі 115 теңгені құрайды.
Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қы-
зылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары 654,8 мың гектар егістік жинап үлгерген. 11,6 ц/га өнімділігімен 759,0 мың тонна астық бастырылды, бұл былтырғы жылғы деңгейден 4,9 ц/га-ға төмен. 
Бүгінгі күні республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,8 млн тоннаны құрайтын лицензияланған 209 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде 11,1 млн тонна астық сақтайтын мүмкіндік бар. Барлығын қосқанда, еліміздегі жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн тонна.
Қостанай өңірінде астық алқаптарының 35%-ы жақсы деңгейде. Бұл жөнінде жа-
қында Қарасу ауданында өткен агрокеңесте облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов айтты. 
– Аудандық ауыл шаруа-
шылығы бөлімдерінің мамандары алқаптарға тексерулер жүргізді. Олар дақылдар егілген, жағдайы жақсы деген жерлерде егін сабағы 70 сантиметрден асатынын, бір шаршы метрде 300-ден 360-қа шейін өнімді сабақ өскенін анықтады, – деді аймақ басшысының орынбасары. – Қанағаттанарлық жағдайдағы жер көлемі 55%-ды құрап отыр. Ондай алқаптарда, яғни 2,3 млн гектарда егін сабағы, өнімдігі әртүрлі. Ал, әлі жетілмеген, залалданған, өнімділігі аз жер аумағы – 408 мың гектар немесе 10%.
Ағымдағы жылы күзгі дала жұмыстарына 11,4 мың бірлік астық жинаушы комбайн қатыстырылмақ. Оның ішінде, үш мыңы мүмкіндіктері жоғары техникалар, астық дақылдарының 73%-ын солармен жинау жоспарлануда. Сонымен қатар, 3,1 мың дестелегіштер, 8,6 мың жүк көліктері, 19 мыңдай трактор тіркемелері мен басқа да техникалар жұмылдырылмақ. 
Облыстық ауыл шаруа-
шылығы басқармасының ақ-
пары бойынша, қазіргі уақытта барлық техникалардың әзірлігі аяқталуға жақын. Трактор паркі 96%-ға, комбайндар 95%-ға дайын. Облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыповтың пікірінше, егер ауа райы кедергі келтірмесе, астықты уақытылы сапалы етіп жинап алуға мамандарымыздың біліктілігі, техникалық әлеуетіміз де жеткілікті. Іске білек түріп кірісіп кетсек, күніне 220 мың гектарға орақ салуға мүмкіндігіміз бар дейді. Мұндай қарқынмен күзгі жиын-терім жұмыстарын 20-25 күнде бі-тіріп тастауға болады екен. 
 
Есен САБЫР,
АШМ баспасөз қызметі көмегімен 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео