Үшінші кезең – үлкен мақсат

14 августа 2014 - Веб-редактор
article4605.jpg

 Рудный қаласындағы құс фабрикасы өндірісті жетілдіру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп келеді.

 

Мемлекет қамқорлығына арқа сүйеген кәсіпорын бүгінде Қазақстанда баламасы жоқ заманауи жабдықтарға қол жеткізген. Соның арқасында, соңғы үш жылда фабрикадағы құс саны 2,5 есеге дейін көбейді. Шаруашылық өнім көлемін әлде де арттырып, ішкі нарықтан артылғанын Ресейге саудалауды көздеп отыр. 
Ұзындығы 102, биіктігі сегіз метр болатын екі қабатты кешен Қазақстанда жалғыз осы кәсіпорында ғана бар. Нысанды орнатуға қажетті қаражат жеңілдетілген несие түрінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы берілді. Заманауи жабдықтар жұмысты барынша жеңілдеткен.
– Қазір мұнда 134 мың тауық бар. Олардың жұмыртқалау көрсеткіші – 96%. Бұл жаман нәтиже емес. Жем-суын беру, желдеткішін қосу,
жұмыртқаларын жинау автоматтандырылған жүйе ар-қылы жүзеге асады. Өндірісті бұлайша жетілдіру өнімді молайтуға кеңінен жол ашты. Қазір мұндағы тауық саны – 967 мың. Саудаға жылына 250 млн дана жұмыртқа шығарылады, – дейді фабриканың бас технологы Александр Навалов.
Кәсіпорын 2015 жылы өндірісті жетілдірудің үшінші кезеңіне өтуді жоспарлап отыр. Құны 840 млн теңге тұратын бұл жоба жүзеге асса, құстың саны 1 млн 100 мыңға дейін көбеймек. Онда кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 300 млн жұмыртқаға жетеді.
– Біз өндірісті жетілдірудің үшінші кезеңіне жеткен кезде экспортты қолға аламыз. Бірінші кезекте Ресей на-
рығына шығып, одан әрі өзге де көршілес мемлекеттерге өз өнімдерімізді тұрақты өткізіп тұруды көздейміз, – деп жоспарларымен бөлісті кәсіпорын директоры Қайрат Маишев.
Заманауи кешеннің тағы бір артықшылығы – үнемділігі. Жұмыстардың дені автоматты түрде атқарылатын болғандықтан, қол еңбегі азайып, шығын төмендеген. Бұл, өнімнің бағасын арзандатуға мүмкіндік береді.

Абылай МАУДАНОВ 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев