Кітаптан білім нәрімен сусында

10 августа 2017 - Администратор

Қазіргі танда жан –жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-кітапхана. Ол – кітап арқылы жас жеткіншіктердің ой –өрісін дамытуға, тәрбиелей алатын мәдениет орталығы.

 

Кітапхананың қазынасы-бұл оның ақпараттық ресурстары және мүмкіншіліктері. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық, бауырмалдық, әділдік қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы өте зор. Бүгінде аудандық орталық балалар кітапханасының қоры, кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, қоғадық мәдени орталық.

Балалар кітапханасы арнайы дәстүрлі көрмелермен жабдықталады. Кітапхананың жұмысы жоспары бойынша көптеген іс-шаралар әдеби кештер өткізіліп отырады. Балалар кітапханасына түскен әрбір жаңа әдебиеттер сөрелерінде тұрып қалмай оқырмандар қолына жол тартып тұрады.

Мерзімді басылымдардан жас оқырман, ұстаздар да орыс, қазақ тіліндегі мақалардан, өздеріне керек деректерін, мағлұматтарын алады. Оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің қажетті әдебиеттерді оқуына барлық жағдай жасалған. Кітапхана ісі – мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру, мәдени ағарту қызметінің негізі. Кітапхана өз уақытының деңгейінде болып, мектеп тәрбиесіне ат салысып, балалар мен жеткеншектерді тәрбиелеуде белсене көмек беріп келеді. Кітап – кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Балалар кітапханасының кітапханашылары – ол педагогикалық іс әрекетке тікелей қатысушы, ол тәрбиеші, ол ұстаз. Ендеше, біз кітапханашылар мектеп пен кітапхананың байланысын үзбей, іс – шараларды өткізу арқылы балалардың бойына кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыруға атсалысайық.

 

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев