Мал шаруашылығын мандытпақ керек

11 августа 2016 - Веб-редактор

Қостанай облысының индустриялық алыбы Рудный қаласында әр сала жүйелі даму жолына түскен. Бұл қалада индустрияландыру картасына енген жобалардың саны жеткілікті. Алдағы уақытта су жаңа цемент зауыты іске қосылмақ. Бұл ретте жаңа жұмыс орындары пайда болады деген сөз. Бірақ, әңгіме ол жайлы емес. Бұл шаһарда мал шаруашылығы да мардымды көрсеткіштерімен қуантуда. 

 

 

Елбасымыздың ауыл шаруашылығы саласына басты назар аударып, Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ынталандыру мақсатында елімізде «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы жүзеге асырылып отырғаны көпшілікке белгілі. Бұл бағдарлама аясында етті мал өсіру саласын дамыту, оның экспорттық әлеуетін арттыру сияқты бірнеше басым бағыттар қамтылған. Ал, былтырғы жылдан бастап осы бағдарлама аясында қой өсіру саласында мал басын арттырып, асылдандыруға ден қойған отандық фермерлерге тікелей қолдау көрсету мақсатында «Алтын асық» атты арнайы бағдарлама әзірленген.

 


Дегенмен, салада қордаланған мәселелер де жоқ емес. Соның ең бастысы – Сібір жарасы. Естеріңізде болса ҚР Премьер министрінің біздің өңірге сапарында өткізілген арнайы жиында төрт түлікті дендейтін аса қауіпті дерттер жайы бір бөлек әңгіме болған. Жиналғандар мал шаруашылығы өнімдеріне ветеринарлық бақылауды күшейтпесек, жағдай түзелмейтінін жасырмады. Бүгінде осы оқиғаларға байланысты көршілес Ресей мен Қытай қазақстандық экспорттаушылардың өніміне шектеу енгізген. Сондай-ақ, кездесуде мал шаруашылығын субсидиялау, қосымша құн салығына қатысты кейбір түйткілдер сөз болды.

 


Сала мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта түрлі қатерлі дерттердің салдарынан «Агробизнес-2020» және басқа да салалық бағдарламалардың аяқ алыстарын ақсатып алмауымыз жөн. Бұл ретте алдын алу шаралары республика көлемінде жүйелі жолға қойылған.

 

 

Әли ӘМІР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео