Танымал музыканттар бас қоспақ

24 января 2018 - Администратор
article15873.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында атақты француз аспапшылары – скрипкашы Юг Борсарелло мен виолончелист Готье Эррманн өздерінің қазақстандық әріптестері, скрипкашы Қаламқас Жұмабаева, альтист Толқын Қилыбаева және пианист Гаухар Тасбергеновамен «Астана Опера» сахнасында бірге өнер көрсететіні туралы мәлім болды.

26-шы қаңтарда «Астана Операның» Камералық залында «Париж – Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін» атты концерті өтеді. Осы концертте қазақстандық музыканттар мен кеш қонақтары отандық композиторлар музыкасын және француз авторларының туындыларын орыйндайды. Бағдарламаға Ж.Бизенің «Кармен» операсы тақырыптарына фантазия, С.Рахманиновтың №1 элегиялық трио, соль минор, Г.Форенің «Пробуждение», Ж.Массненің «Таис» операсынан Meditation («Толғану»), К.Дебюссидің «Девушка с волосами цвета льна», Ғ.Жұбанованың №1 ішекті аспаптар квартеті, ре минор және К.Күмісбековтің «Поэмасы» енген.

– Бұл концерт «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасының аясында өтуде, – деп бөлісті Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, «Астана Операның» концертмейстері, фортепиано партиясын орындаушы Гаухар Тасбергенова. – Аталған бағдарламаның арқасында, мына біз, әртістер қазақстандық мәдениетті елімізде, сонымен қатар шетелде танытып, асқақтатудың керемет мүмкіндігіне иеміз. Концерт ұлы композиторлардың, соның ішінде К.Дебюсси мен Ғ.Жұбанованың шығармашылығына арналған. Әуелде, француз әріптестерімізге Ғ.Жұбанованың №1 ішекті аспаптар квартеті, ре минор, бірінші бөлімін орындауға ғана ұсыныс білдірген едік, себебі осыған дейін олар қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындап көрмеген еді. Дегенмен, бұл әйгілі туындының үзіндісін естіген әріптестер оны толығымен орындаймыз деп шешті. Концертке дайындалу барысында К.Күмісбековтің «Поэмасын» алғаш рет естіген виолончелист Готье Эррманн музыканың әсеріне бөленгені соншалық, енді, аспапшы бұл шығарманы өзінің тұрақты репертуарына қосуға ниетті.

Мариин театры оркестрімен келісімшартын аяқтаған скрипкашы Қаламқас Жұмабаева жаңа маусымда алғаш рет астаналық көрерменнің алдына шығады. Ол биыл классикалық және дәстүрлі музыка туындыларын үздік орындаушылардың тізіміне енді. Ал француз музыканттары қазақстандық тыңдарманның көзайымына айналды, себебі скрипкашы Юг Борсарелло мен виолончелист Готье Эррманн бірнеше рет еліміздің түрлі сахналарында, сондай-ақ «Астана Опера» театрында өнер көрсеткен болатын.

Концерттің барлық қатысушылары – XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы көне аспаптарда ойнайтын жоғары деңгейлі музыканттар.

Өткен жылдың қазан айында Парижде ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдармаласын таныстырған еді, сонымен қатар қазақстандық әртістер париждік үздік сахналарда өнер көрсетті. Өз кезегінде, француз музыканттары өнерлерін елімізде паш етпек, және «Париж – Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін» концерті осының жарқын дәлелі болмақ.


Ақбота САҚҰЛОВА

сурет ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев