Аудандық көрме

26 января 2017 - Веб-редактор
article12873.jpg

Аманкелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ел мерейі – «Астана ЭКСПО-2017» атты кітап қөрмесі өтті. Осы жылы өткелі жатқан Дүниежүзілік көрмеде әлем елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі, өнердегі жетістіктерін көрсетеді. Осы көрмені басқа елдерге паш етеді. 

 

 

Аталмыш көрмені өткізу осыдан 165 жыл бұрын қолға алынған екен. Алғашқы көрме 1851 жылдың бірінші мамырында Лондон қаласында ашылған. Содан бері әлемнің әртүрлі елдерде 63 көрме өткізіліпті. Осы көрмелердің жұмысын реттеп отыру үшін 1928 жылы Халықаралық Көрмелер Бюросы Құрылған. Оның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бұл ұйымға әлемнің 165 елі мүше болып кірген.

 


Енді көрме биылғы жылы біздің елімізде, Астана қаласында өтетіні баршаға мәлім. Бұл– Орталық Азия аймағы мен ТМД елдері бойынша өткізілетін алғашқы халықаралық көрме. Көрме таныстыру барысы үш айға созылады. Маусымның оны аралығында өтетін көрмеге әлемнің әр түкпірінен бес миллионан астам адам келеді деп күтілуде. Осы орайда аудандық балалар кітапханасы Ел мерейі – «Астана ЭКСПО-2017» атты мерзімді басылымдар бойынша жасақталған көрме бойынша библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің бесінші сынып оқушыларының қатысуымен өткен шара барысында «ЭКСПО-2017 Ынтымақтастықтың көкжиектері» («Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 31 мамыр), «Елдің ертеңі-ертегі» («Айқын» №109, 20 маусым 2013 жыл), «Қазақстан және әлемдік көрме» («Егемен Қазақстан», 20 қыркүйек 2013 жыл), «ЭКСПО өткізу – Отанымыз үшін зор жауапкершілік» («Атырау», төртінші наурыз 2014 жыл), «Туристер көптеп келсе біздің елге» («Мәдениет» №11, 2016 жыл) атты мақалалар талқыланды. Сонымен қатар, Дарынды балаларға арналған республикалық ғылым-танымдық журналдан «ЭКСПО-2017 көрмесінің берері көп» атты мақаласы да бар. Жоғарыда аталғандай көптеген мерзімді басылымдарда жарық көрген жарияланымдармен таныстырылды. Және де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламынан туған жаңа кітап «Ұлы дала ұлағаттары» деп аталады. Мемлекет басшысы жаңа туындысында туған жердің кешегісі, бүгіні мен келешегі, адамзаттың дамуы, өскелең ұрпақтың еншісіне тиетін маңызды мақсат-міндеттер жайлы жазады. Елбасы жаһандық күрмеулі мәселелер, құндылықтар туралы сөз қозғап, өзінің ой-толғамдарын оқырман қауымға ұсынады. Ендеше, бұл кітапты да «Менің Қазақстаным» деген толғаудың тұғыры деп түсінген абзал. Бәріміз де Ұлы Дала елінің перзенттеріміз.

 


– Осы орайда, биік таудың етегіне келіп, оның қарлы шыңдарына қарап тұрған адам сияқтымын, – деп жазады Елбасы. – Оның қойнауында жан білмейтін көп қазына, небір ғажайып жұмбақтар бар секілді болып көрінеді.

 


Тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне айналатын жаңа кітаптың алғашқы беттері бүгін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланды. Туындының мәтіні басылымның кезекті сандарында жарық көрген газетті көрмемізге қойып оқырмандарға таныстырылды. Міне, осындай кітап көрмеміздің мақсаты – Қазақстан Тәуелсіздігінің аса бай тарихын ашып сипаттау, сол шежіредігі халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін жарқын беттерге айналдыруға үндеу, кітапхана қонақтары мен оқырмандарын «ЭКСПО» тарихымен таныстыру. Қазақстандықтардың елімізде өткізіліп жатқан оқиғаларға белсенді қатысуына, қазақстандық потриотизмге тәрбиелеуге және өз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятуға септігін тигізу. «Болашақтың энергиясы» деген тақырыпта өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі біздің еліміздің экономикасына үлес қосып, абыройы мен беделін арттырары сөзсіз. Халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуметін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Қорытындылай, аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ел мерейі– «Астана ЭКСПО-2017» атты кітап көрмесімен оқырмандар көп мағлұмат алып тарасты.

 


Зарина МУСАБАЕВА
Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі
суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев