Тексерулерге шектеу қойылды

22 января 2015 - Веб-редактор

Қазақстандық кәсіпкерлердің 60% тексерулерден босатылды деп хабарлайды Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы.

 

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде бизнес үшін жоспарлы тексерулер жойылды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қы-змет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. 
 
Заңды әзірлеуге тікелей қатысқан Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларының айтуынша, барлық кәсіпкерлердің 60% тексерулерден босатылады. Олардың қыз-
метін бақылаушы органдар бақылаудың өзге нысаны шегінде бақылайтын болады (қашықтан мониторингтеу, зертханалық зерттеулер және тағы басқалар). Нәтижелері бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай-ақ, бірақ оны жою тәртібін міндетті түсіндіру нұсқамасы жасалады. 
 
«Жалпы, кәсіпкерлер шартты түрде төрт топқа бөлінді. Оларға қатысты тексерулердің «ерекше тәртібі», «жоспардан тыс» тексерулер, сондай-ақ тәуекел деңгейін бағалау жүйесі бойынша «іріктемелі» тексерулер әрекет ететін болады. Яғни, егер кәсіпкердің тексеру тарихы нашар болса, онда оны тексеруге келеді, ал тексеру тарихы жақсы болса, бақылаушы органдар оны мазаламайды», – деп ескертті Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық қолдау бөлімінің бастығы Ренат Дәулетпаев. 
 
«Ерекше тәртіпте» атом энергетикасы, қару, есірткі құралдарының айналымы саласындағы субъектілер, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік объектілері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік үшін, атап айтқанда, қоғамдық тамақтану саласындағы объектілер тексеріледі. Іріктемелі тексерулер кәсіпкерлердің есептілігін талдау негізінде, ал жоспардан тыс тексерулер азаматтардың арыздары бойынша, не прокуратура және өзге мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жүргізіледі. 
 
Тәуелсіз аудит және ішкі, өндірістік бақылауды енгізу, сондай-ақ кәсіпкерлер қызметін сақ-тандыру сияқты тексерулердің баламалы түрлері де әрекет ететін болады. 
 
Есен САБЫР,
Кәсіпкерлер палатасы 
ақпаратының көмегімен 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео