Орташа айлық жалақы өсті

3 августа 2017 - Веб-редактор

2017 жылғы қаңтар-маусымда 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 7,1% артты деп хабарлайды Қостанай облысының статистика департаменті.

 


Үстіміздегі жылы қаңтар-маусым аралығында өңірдегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан 5,2 есе, ең төмен жалақыдан – 4,5 есе асып түсіп, 110 322 теңгені құраған.

 


Атаулы жалақының едәуір көп артуы 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 43,9%, құрылыста 19,6%, тұру және тамақтану бойынша қызметтерде 14,5%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 12,5%, өнеркәсіпте 11,4%-ға артқандығы байқалған.

 


Жоғары жалақы 171 628 теңге қаржы және сақтандыру қызметінде байқалды (облыс бойынша орташаға қарағанда 1,6 есе артық), төменгі – тұру және тамақтану бойынша қызметтер 63 854 теңге (орташа облыстық деңгейден 57,9%).

 


Ақбота САҚҰЛОВА 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии