«Құлан» бағдарламасы аясында 247 бас жылқы сатып алынды

3 августа 2017 - Веб-редактор
article14475.jpg

2014 жылдан бері республикада етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз етуді мақсат ететін «Құлан» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бүгінде облыста осы бағдарлама аясында 2014-2016 жылдар аралығында 3 639 бас жылқы сатып алынған.

 


Аталмыш бағдарламаның негізгі нысаналы мақсаты – жылқылардың аналық басын және асыл тұқымды айғырларды сатып алуға КС қатысушыларын қаржыландыру болып табылады. Несиенің негізгі соммасы төрт млн 500 мың теңгеден 100 млн теңгеге дейін беріледі. Бұл бағдарлама шеңберінде шаруашылығын дамытамын деген әр кәсіпкер несиені 120 айға дейін ала алады.

 


Несиелік қарыз алушыларға мынадай талаптар қойылады: төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен және ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы. Сонымен қатар, теріс несиелік тарихының болмауы да есепке алынады. Қарыз алушының жайылым алаңдарының болуы, бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және қарыз алушыға ЖАО берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы да қарастырылады.

 


Шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандық (жылқылар болған жағдайда), саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30%-нан кем емес меншікті жылқылар басы болуы керек. Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

 


Мемлекеттік бағдарлама аясында несие алған жағдайда жобаға келесі негізгі талаптар қойылады: сатып алынатын жылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айды қоса. Олардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350 мың теңгеден аспайды. Жасы 24 айдан артық, жылқылар саны 15 аналық биеге бір өндіруші ара-салмағымен меншікті немесе несиелік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші айғырлардың болуы міндетті. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру керек.

 


Кәсіпкерлерді несиемен қаржыландырушы – «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ. Биылғы жылы өңірде жоспарлы 500 бас жылқыдан 247-сі сатып алынған. Соның ішінде, жоспарлы түрден Аманкелді ауданы – 10 бас, Алтынсарин ауданы – 30, Әулиекөл ауданы – 45, Сарыкөл ауданы – 40 бас жылқы сатып алып, ол жоспарлы түрдегі 49,4%-ды құрап отыр.

 


Еске сала кетейік, асыл тұқымды малдың салыстырмалы санын арттыру, қалпына келтіру мен ет бағытындағы мал тектік қорын ұлғайту мақсатында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жылқы шаруашылығын дамытуды несиелендіріп отыр. Құлан бағдарламасының мақсаты ет және сүт бағытындағы жылқы санын арттыру болып табылады. Бұл бағдарлама бойынша бие мен айғырлардың сатып алынуына несие жылына 14%-дық мөлшерлемемен 10 жылға дейін беріледі.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА,
сурет ғаламтордан алынды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии