Ардагерлермен кездесу

31 июля 2014 - Веб-редактор

 Рудный қалалық ардагерлер ұйымының белсенділері өңірдегі діни бірлестіктермен байланысын нығайтуда. Олармен жиі бас қосып, ақпараттық насихат тобы өкілдерінің дәрістерін тыңдайды.

 
Осы жолғы қариялармен жүздесуге «Нұр» қалалық мешітінің бас имамы Сейіт Нұрқанов пен Богоявленский ғибадатханасының протоиерейі Александр Гутов келді. Олар «Қазақстандық модель және конфессияаралық келісім» тақырыбында мағыналы баяндама жасап, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
 
– Біз елдегі тұрақты жағдайды бағалауымыз қажет. Бұл біздің Отанымыздың басты игілігі, – деп атап өтті бас имам. – Ислам – бейбітшілік, тыныштық және амандық, ал басқаға зиян келтірмейтін адам ол – мұсылман.
 
Сөз кезегі тигенде Богоявленский ғибадатханасының протоиерейі де баршаны түсіністікте өмір сүруге шақырды.
 
– Біздің міндетіміз – жастарды қоғамымыздың гүлденуі үшін тәрбиелеу, тиімді емес жолдардан қорғау, – деді ол.
 
Кездесуді Рудный қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әдіскері Ләйлә Қапанова қоры-тындылады. Ол барлығын абай болуға және күдікті ұйымдардың қызметін қолдамауға шақырды. Егер күмәнді әрекет етіп жүрген үгітшілер болса, міндетті түрде тегін 114 нөміріне хабарлауды ұсынды. Желіде тәжірибелі кеңес берушілер мен психологтар, сізге өзіңізді және жақындарыңызды деструктивті діни қызметтен қалай қорғаудың ең дұрыс тәсілін нұсқайтын мамандар отырады. Аталған нөмірге кез келген уақытта хабарласа аласыз. 
 
Ардагерлер мағыналы кездесуді өткізуге себепші болған ішкі саясат бөлімі ұжымына алғыс білдірді.
 
Гүлжан ӘБДІКӘРІМ,
Рудный қаласы  
comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии