Тұрақты жұмыс, өрісті өндіріс

29 июля 2016 - Веб-редактор
article11244.jpg

Өңірде Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасымен іске қосылған өндіріс ошақтары тұрақты жұмыс істеуде. Солардың бірі – сүт тауарларының 40-тан астам түрін шығаратын «Лидер-2010» серіктестігі. Заман талабына сай жабдықталған зауыттың өнімдері айрықша сапасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар, оның тауарларына сұраныс күннен-күнге өсіп келеді.  

 

 

«Лидер-2010» серіктестігі. Сүт зауытындағы өндіріс процессі жақсы әсер қалдырады. Мұндағы тазалық, тәртіп пен заманауи талапқа сай жабдықтар көрген көзді қуантады. Жұмыстың барлығы шетелдегідей замануи компьютерлер арқылы автоматтандырылған. Оған зауыт басшылығы мемлекеттік қолдаудың көмегімен қол жеткізген.

 


– Сүт және қышқыл сүт өңдеу цехының құрылысын 2014 жылы бастаған болатынбыз, – дейді «Лидер-2010» ЖШС директоры Владимир Ширеяев. – Ал, былтыр шілде айында зауыт іске қосылды. Қазіргі таңда 80 пайыз қуаттылығына шықтық. Кәсіпорын тәулігіне 20 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Жоба құны 1 млрд 250 млн теңге. Соның 1 млрд 100 млн теңгесін «Даму» қоры арқылы Цесна банк қаржыландырды. Осындай өндіріс ашуға өз қаржымыз жетпес еді. Мемлекет жақсы көмек ұсынғанын айтқым келеді.

 


Мұнда шығарылған өнімнің табиғилығына баса назар бөлінген. Сүт өндірісіндегі қиындықтардың бірі – ол тауардың аз уақыт сақталуы екені мәлім. Бірақ, жаһан жетістігі жаңа жабдықтар мен тиянақты өндіріс процессінің арқасында кәсіпорын оның мерзімін ұлғайтып алды.

 


– Фермадан әкелінген сүт пастерленеді, – дейді «Лидер-2010» ЖШС технолог маманы Юлия Бондаренко. – Сүттің пайдалы компоненттері, микрофлорасы сақталады. Тек жылулық өңдеуден өтеді. Шикізат өндірушілер алып келген майлылықпен сүтті пастерлеуден өткіздік. Сүттің майлылығы 3,5 проценттен 4,5 процентке дейін барады.

 


Табиғи әрі сапалы тауарға тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары. Сондықтан, болар өтімді өнім сөрелерде көп тұрақтамайды.

 


– Піскен сүтте төрт процент майлылылық бар, – дейді серіктестік маманы Юлия Бондаренко. – Пастерленуден бөлек, еріту жұмысы крем түсі шыққанға дейін жоғары температурада жүрігізіледі. Бұл өз кезегінде өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Біздің тауарға нарықтағы сұраныс күннен күнге артуда. Бұл өз кезегінде ел экономикасына тамшыдай болсын үлес деп білеміз.

 


Бизнестің талабы – тоқтап қалмау. Жұмыс ырғағынан жаңылмаған зауыт жақында йогурттер өндірісін қолға алды. Оны да табиғи компоненнтерден жасайды. Тауардың бұл түріне қостанайлықтар ғана емес, еліміздің өзге аймақтарының тұрғындары да жоғары бағасын берді. Бұның бәрі тәуекел мен төккен төрдің еш зая кетпегенін білдірсе керек.

 


Нұрқанат НҮСІПХАН
Суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео