Қыстың қамын жаз ойла

24 июля 2014 - Веб-редактор
article4452.jpg

 «Тракторым шаршамаса, менің шаршауға да уақытым жоқ» дейді Абай

 

Қарасу ауданында мал азығының мол қорын жинап алу жолында қызу қарбалас жүріп жатыр. Қазір шаруагерлер үшін жем-шөп дайындау бірінші кезектегі мәселе. 

 

«Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, ерте қамданған аудан пішеншілері қазірдің өзінде, едәуір көлемде мая-мая шөп жинап үлгерді. Қарасу ауданы бойынша мал азығын дайындау жөнінен алдыңғы қатарда тұрған шаруашылықтардың бірі – «Железнодорожный» ЖШС. Железнодорожный ауылдық округіне қарасты аталған серіктестік директоры Максим Артемуктің айтуынша, шөп шабу жұмысына қажетті техника мен агрегаттар жұмылдырылған. Қажырлық пен шыдамдылықты талап ететін жұмыс таңнан қас қарайғанша жалғасуда. Қазіргі уақытта екі мың гектарға жуық алаңның шөбі шабылды. Ал, қыстаққа 1300 тонна шөп жеткізілген.
 
– Біздің шаруашылық шөп шабу науқанын дер кезінде бастады. Биылғы ауа-райы жағдайы қолайсыздық тудырып жатыр, – дейді Максим Артемук.
– Дегенмен, былтырғы жылдан қалған шөп қоры барын ескерсек, келер қыстан қысылмай шығарымызға шүбә жоқ.
 
Біз ауылдан қозыкөш жер-дегі шабындыққа барғанда, пішен басында бір топ механизатор еңбек етіп жатты. «Беларус» тракторымен шөп жинап жатқан механизатор Абай Қашаубаевпен кездестік. Әріптестерінің сөзіне сүйенсек, ол – өз ісіне төселген, білікті механизатор. Техниканың барлық түрін меңгерген. 1991жылдан бері осы серіктестікте еңбек етіп келеді. Октябрь ауылының тұрғыны.
 
– Қазір бидайық шөбін шауып біттік. Енді соны жинап жатырмыз. Бір күнде 15 тіркеме шөп жинаймын. Шабылған шөпті үюге арналған техника да, құрылғылар да жеткілікті, – дейді Абай Қашаубаев. 
 
Шөп шабу техникаларын басқарып, қара терге малынып жүрген механизаторлар жауапкершілікті шынайы сезініп, өз істерін тиянақты атқаруда. Олар бірер күннен кейін көпжылдық шөпке орақ салады. Яғни, алда әлі қыруар жұмыс күтіп тұр деген сөз.
 
Шөп дайындау науқанының әр күнін әттегенайсыз өткізуді мақсат еткен «Железнодорожный» ЖШС механизаторлары ұйымшылдық танытуда. Олар осы қарқындарын баяулатып алмаса, шөпті сапалы күйінде жинап алатындарына сенімді.
 
 
Жаңабай АХМЕТОВ,
Қарасу ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев