Ұлттық әлеуметтік жобалар байқауы

20 июля 2017 - Веб-редактор
article14350.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде 2017 жылы шілде айында «Менің арманым» атты әлеуметтік маңызы бар жобалардың ұлттық байқауының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

 


Аталмыш жиынға ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасилов, «Рухани жаңғыру» жоба басқармасының бастығы Арман Евниев, «SUCCESS K» стратегиялық байланыстар жөніндегі агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова қатысты.

 


– «Менің арманым» байқауы ең қызық, бірегей әлеуметтік маңызы бар және жас жаңашылдардың жалпыға пайдалы бастамаларын анықтайды, – дейді Болатбек Абдрасилов. – Және де олардың әлеуметтік белсенділігі мен әлеуметтік-шығармашылық қабілеттерінің дамуын дәріптеп, қатысушылардың зияткерлік әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

 


Бұл жоба Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласыныңда көрсетілген идеяның іс жүзінде іске асыруы болып табылады және де «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолдауымен өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі.
Сайыстың басқа да мақсаты сыни ойлау философиясын дәріптеуге бағытталған білім беру үдерістеріне жәрдемдесу: қазіргі заманды толық ұғыну, мәселені шешудегі балама жолдарды көру, жаңа идеяларды ұсыну қабілеті, стереотиптерді еңсеру, өзгелердің ой-пікірін дұрыс бағалау және де өз ұстанымын дәлелді жақтау болып табылды.

 


Байқауға 14 пен 29 жас арасындағы жастар қатыса алады. Олар: орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары, колледж пен профтехникалық мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ЖОО-ның студенттері, мен жас жаңашылдарда мүмкіндік бар.

 


Қатысуға өтінімдер 20 шілде мен бірінші қыркүйек аралығында байқаудың ресми сайтында www.meninarmanym.kz қабылданады. Байқауға қатысу ақысыз түрде өткізіледі. Жобаларды ақпараттық (IT), білім, технологиялық, экология және әлеуметтік-мәдениет бағыттары бойынша ұсынуға болады. Байқаудың жеңімпазы қаржылық тұрақтылығы мен тәуелсізділігін кепілдей алатын, біртума, пайдалы әлеуметтік жоба болады.

 


«Менің арманым» байқауының ақтық кезеңі теледидарлық әлеуметтік – зияткерлік шоудан тұратын болады. Ақтық жарысқа қатысуға ең үздік 64 жобаның авторы Астана қаласында жиналады. Жобаларды Қазақтан Республикасының әйгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлері мен кәсіпкерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайтын болады. «Менің арманым» жастар арасындағы әлеуметтік жобалар Ұлттық байқауының жеңімпазы бес млн теңгені иеленеді.

 

 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ
сурет ғаламтордан алынды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев