Жұмыссыздықты жоюға арналған жобалар жемісті

14 июля 2016 - Веб-редактор

Қостанай облысында биыл «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының арқасында сегіз мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Аймақта бағдарламаның барлық бағыттары жүзеге асып жатыр. Ол үшін қазынадан төрт жарым млрд теңге бөлінген. Оның бір млдр теңгесі өз кәсібін ашсам деген азаматтарға шағын несие ретінде беріледі. 

 

 

Мақпал Бөлегенова жоғары білімді психолог. Алайда оқу орнын тәмәмдаған соң өз мамандығы бойынша жұмыс табу қиынға соқты. Себебі, жұмыс берушілердің бәрі еңбек өтілін сұрайтын. Тығырықтан жол табуға тікелей мемлекеттік бағдарлама себеп болды.

 


– Жастар тәжірибесі жайлы естіп, осы бағдарлама арқылы қазіргі жұмысыма кірдім, – дейді жантанушы Мақпал Бөлегенова. – Психолог ретінде қызмет атқарудамын. Мұнда өзімді маман ретінде шыңдауға өте көп пайдасын тигізді. Себебі, балалармен жұмыс істеу өзіме болашақта қажет тәжірибе.

 


Мақпал қазір «Менталды арифметика», яғни, «шапшаң оқу» орталығының маманы. Мұнда ол балаларға дәріс беріп, ұстаздық қызмет атқарып жүр. Келешекте білімін жетілдіріп, осы сала бойынша ғылыми еңбек жазуды көздейді. Жалпы, биыл облыста Мақпал тәрізді «жастар тәжірибесі» бағыты бойынша 313 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Мұның сыртында арнайы мамандығы жоқ азаматтардың мемлекет есебінен кәсіптік білім алуына мүмкіндік бар.

 


– Кәсіптік оқуға 700 адам жіберілді, – деп сөз бастады облыстық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Зкура Кардиева. – Бүгінгі таңда олардың 213 оқуларын тәмамдап, солардың 70 пайызы жұмысқа орналасты. Қалғандарын да жұмыспен қамту тікелей біздің бақылауымызда.

 


Сонымен қатар, биыл өз кәсібін ашқысы келетін 428 адамның өтініш құжаттары қабылданған. Оның 200 тиісті несиесін алып, жұмысын бастап та кетті. Ал қалғандарына несие қаржы жыл соңына дейін беріліп болуы тиіс.

 

 

Ералы ДОСЫБАЙ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео