Білім саласындағы реформалар

14 июля 2016 - Веб-редактор
article11069.jpg

Жаңа оқу жылы қазақстандық оқушылар үшін бірқатар жаңашылдықтар мен өзгерістерге толы болмақ. Білім және ғылым Министрлігінің ұсынып отырған идеялары ел азаматтарын, әсіресе, ата-аналар қауымын алаңдатып отырғаны жасырын емес. Мәселен, бірінші сыныптан бастап үш тұғырлы тіл саясатын қолданысқа енгізгеннің өзінде, кадр тапшылығы мәселесі туындауы ықтимал. Осы және өзге де түйткілді тақырыпар қоғамдық кеңестің кезекті отырысында кеңінен талқыланды. 

 

 

2016-2017-ші оқу жылы жаңа стандарттармен ерекшеленбек. Әсіресе, бірінші сынып оқушыларына қатысты түйткілді мәселелер ата-аналар тарапынан алаңдаушылық тудыруда. Өзгерістерге көз жүгіртсек. 2019-шы жылдан бастап елдегі барлық бүлдіршіндер бірінші сыныпқа алты жастан баратын болады. Ал, биыл алғаш мектеп партасына отыратындар үшін жас аралығы бұрынғыша қалмақ, яғни алты-жеты жас. Десе де, мектепалды дайындық сыныптарын тәмамдап қойған алты жасар баланың екінші мәрте осы бағдарламаны оқуына мүмкіндік берілмейді.

 


– Егер, мектеп жасына дейінгі бала дайындық сыныбында оқып, немесе балабақшада мектепалды сабақтарынан өткен болса, ол міндетті түрде бірінші сыныпқа баруы қажет, – дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Бәтима Даумова. – Баланың екі жыл қатарынан бір бағдарламаны меңгеруіне енді жол жоқ. Себебі, әр бүлдіршіннің білімін мемлекет өз есебінен көтеріп отырғандықтан, қосымша шығынға батуда.

 


Бес күндік оқу стандартына тоқталсақ, сала мамандары бұл үрдістің біртіндеп енгізілетіндігін алға тартуда. Мәселен, биыл бес күндік білімге тек бірінші сынып оқушылары көшіріледі. 2017-ші жылы 2,5,7, 2018-ші жылы 3,6,8, ал, 2019-шы жылы 4,9,10,11 сыныптар жаңа білім стандартына сай оқитын болады. Есесіне, жазғы демалыс маусымының да қысқаратыны баршаға мәлім. Дегенмен, бұл сұрақ әлі де түбегейлі өз шешімін тапқан жоқ.

 


– Аталған білім беру стандарттары бойынша, сабақ беретін ұстаздар «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы мен елордадағы педагогикалық шеберлік орталығында қосымша курстардан өтетін болады, – дейді Бәтима Даумова. – Бұл оқытушылардың жаңа ерекшеліктерді жетік меңгеруіне жәрдем болмақ. Жаңашылдықтар ұстаздар ұжымына да тікелей қатысты.

 


Үш тұғырлы тіл түйткілі де – білім беру стандартына енгізілген жаңашылдық. Егер, бұған дейін оқушылар бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәнін үйреніп келсе, ендігі ретте балалар шетел тілінде физика, химия сынды сабақтарды меңгеретін болады. Қазірдің өзінде, өңірде көптілді саясатты ұстанып білім беретін мектептер жұмыс істейді. Орыс мектептерінде қазақ әдебиеті қазақ тілінде өтуде. Ендігі мақсат – Қазақ-стан тарихы пәндерін қазақша оқыту. Бұл – мемлекеттік тілді дамытуға беріліп отырған зор мүмкіндік!

 


Әли ӘЛІМ
суреттерді түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев