Қомақты қолдау

2 июля 2015 - Веб-редактор

 Биыл аймақтағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қазынадан 18 млрд теңге субсидия бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 2,2 млрд артық сома. Өсім 14%-ды құрайды.

2015 жылы саланы субсидиялауға республикалық бюджеттен 157,3 млрд теңге қаралған болатын. Қаражат 2013 жылғы көрсет-кіштен 1,8 есеге көп. Ауыл
шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2,5 трлн теңгені құраған, яғни алдыңғы жылдың көрсеткішінен 0,8%-ға асып түсіпті. Күрделі табиғи жағдайға қарамастан өсімдік және мал шаруашылығында да өсімдер болды. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін өндіру 2,9 %-ға өсті. Бір сөзбен айтқанда, былтырғы жемісті жұмыс субсидия көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 
Қостанайда агроөнеркәсіптік кешеннің даму қарқыны жаман емес, мемлекеттік қолдау орасан. Бюджеттен бөлінген 18 млрд теңге субсидияның 12,6 миллиарды өсімдік шаруашылығына жұмсалса, 4,1 млрд теңге мал шаруашылығына, қалған 1,3 млрд теңгесі өзге де бағдарламалардың игілігіне жаратылмақ. Бүгінде облыстағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, мал шаруашылығы бағдарламасы бойынша, 1 млрд 68 млн теңге төленген. Бұл сомадан 242 млн қаражат асыл тұқымды мал өсіруге және 826 млн теңгесі өнімдерге шығындалмақ.
Ағымдағы жылдың мау-сым айында, қаржыландыру жоспарына сәйкес, субсидияның тағы 378 млн теңгесі үлестіріледі деп көзделуде. Оның 200 млн теңгесі мал шаруашылығы өнімдеріне, 178 млн теңгесі асыл тұқымды түлік басын көбейтуге бағытталады. Мемлекет қолдауы шаруаларды шабыттандырары анық. 
 
Жанболат ҚҰРМАШ
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео