Елбасы спорт саңлақтарымен кездесті

7 июля 2016 - Веб-редактор
article10988.jpg

«Қазақстан» ҰТА хабарлауынша, мемлекет басшысы 41-ші жазғы олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан сайысқа түсетін саңлақтармен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев спортшыларға жеңіс тіледі. Бразилия елінде Қазақстан туын биікке самғатып, Ұлы Дала елінің атағын асқақтатуды аманаттады. Сонымен дүбірлі доданың басталуына санаулы күндер қалды. Қазақ елі үміт артқан спортшылар кімдер? Допинг дауына аты іліккен спортшылар Риоға бара ма? 

 

 

Қазақ елінің үміті спортшы қыз жігіттер. Шашасына шаң жұқпаған шын жүйріктерді бірер күн бұрын Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, ақ жол тіледі:

 


– Бұл жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Баршаларыңызға табыс тілеймін. Риода игі үрдіс жалғасып, еліміздің туы тек биіктен желбірейтініне сенемін. Әрбіреуіңіз аянып қалмайтындай қайрат пен жігер таныта біліңіздер. Нағыз патриот қана ел үшін тайталаста жеңіске жететін болады. Қазақстанның 17 млн халқы түгелдей экран алдында отырып, сіздерге жанкүйер болмақ.

 


Рио Тәуелсіз Қазақ елі қатысқалы отырған 12-ші олимпиада. Бұған дейін, алты рет қысқы, бес рет жазғы ойындарда біздің спортшылар атой салды. Барлығы 59 медаль қоржынға түссе, оның 17-сі алтын. Төрт жылдықтың басты ойындарына Қазақ-стан 100-ден астам саңлақты үкілеп қосқалы отыр. Олар спорттың 26 түрі бойынша сынаспақ. Ал, шартарап көз тігетін сайысты «Қазақстан» мен «Қазспорт» арнасы бастан аяқ көрсетеді.

 


«Допинг дауы» спортшылар ғана емес, күллі елді есеңгіретіп тастады. Айдың күннің аманында алтын алады деген төрт зілтеміршінің аты дауға ілікті. Олар уақытша жарыстан шеттетілді. Мәселе, қазір Мемлекет деңгейіне жетті.

 


– Жуырда әлемдік деңгейдегі шуға айналған түсініксіз, әрі әділ-әділестсіздігі беймәлім допинг төңірегіндегі мәселе барлығымызға ауыр тиді, – деп сөз бастады бұл тұрғыда Нұрсұлтан Назарбаев. – Алайда, сіздер бұл ретте уайымдамаңыздар. Басты мақсатттарыңыз – жеңіс. Тұтас Қазақстан жұрты сіздерді басты назарда ұстап отыратынын қаперден шығармаңыздар. Өз басым бұл жауапты додаға жеке бара алмауым мүмкін. Бірақ, әр хабарды жіті назарымда ұстап отыратын боламын.

 


Лондонда өткен олимпиада ойындарында біздің спортшылар жалпы командалық есепте 12-ші орын иеленді. Ұлттық команда 13 медаль ұтса, оның 7-уі алтын. Бұл бұрын-соңды болмаған биік көрсеткіш. Бұл жолы да саңлақтар шын бабында. Тек, бағы жанса болғаны.

 


– Сіздің қамқорлығыңызбен еліміз әлемдегі ірі спорттық державаларға айналды, – деп бастады Елбасына арналған сөзінде «Бокстан Ұлттық Құраманың» Бас бапкері Мырзағали Айтжанов. – Сол үшін Сізге шексіз алғыс білдіреміз. Осы кездесуден қанаттанған спортшылар алдыңғы алтын буынның жолын жалғастырады деген үміттеміз. Қазіргі отандық спорт журналситикасын дамытудағы еңбегіңізге ризашылығымызды білдіреміз.

 


Риода ел байрағын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап шығады. Нар тұлғалы жігітке мемлекет басшысы қазақтың көк туын аманаттап, тапсырды.

 


Қазақ баласы жекпе-жекке мықты. Былғары қолғап шеберлері «арық айтып семіз шыққанды» жөн көретін жұрт. Аламан алдында спортшылар ақтарыла, ашылып сөйлей қойған жоқ. Бірақ жүлде қоры төрт алтыннан кем болмайды деген үміт бар.

 


Илья Ильин, Зульфия Чиншало, Светлана Подобедова және Майя Манеза Рио ойындарына қатыспайды. Ал, олардың болашақта басқа бәсекелерге қатысу-қатыспауын 10-шілде күні халықаралық антидопинг агенттігі шешпек. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті:

 

 

– Антидопингтік агенттігінің жұмысы 27-маусымнан 10-шілдеге дейін жалғасады. Сондықтан, біз қазақстандық спортшылардың мәселесін қашан қарайтынын нақты айта алмаймыз. Бірақ, біздің заңгерлер барлық күштерін салуда. Жауабын өзіміз ресми түрде айтатын боламыз.

 


16 күнге жалғасатын жаһандық жарыста 301 жұп медаль сарапқа салынбақ. Бұл рекорд. Қатысушылар жағынан да бұл ойындар рекорд орнатпақ. Олимпиадаға алғаш рет Косово мен Оңтүстік Судан елдері қатысады. Бразилияға бағын сынау үшін 11 мыңға жуық спортшы келмек.

 


Кездесудің түйінінде Нұрсұлтан Назарбаев спортшылар мен жаттықтырушыларға Бразилия топырағында алауы тұтанатын Олимпия ойындарынан жеңіспен оралуды тіледі. Соңынан Мемлекет басшысы олимпиадашылармен бірге естелік суретке түсті.

 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ
сурет ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев