ЭКСПО-ға сапар

29 июня 2017 - Веб-редактор

ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? Осындай сауалдардың жауабын оны тамашалап келгендер біледі. Менің ойымша, ЭКСПО – индустриализацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме.

 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін ашқалы оған барушылар легі толастар емес. Біздің Шолақсайлықтар да көрмені көруге жол тартты. 100 адам болып жиналып жолға шықтық. «Шолақсай-1» шаруашылығының басшысы Мади Өмірзақұлы өзі бастап ЭКСПО-ны аралап қайттық. Бұл көрме отандық экономикаға және жаңа технологияларды игеру ісіне серпін бере алатын ұлттық жоба. Солардың ішінде, Қазақстандық көрме өзгелерінен ерекше. Оның нысандарының құрылысы көздің жауын алады. Астанадағы әлемдік әйгілі көрме барысында Қазақ елінің мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін, барлық қазақ елін бір арнаға тоғыстырған шардың келген көреремендер үшін маңыздылығы зор. ЭКСПО-да мәдени-думанды шаралар да көрме аумағында көрсетіліп жатыр. Еріктілер қонақтарды ең жоғары деңгейде қарсы алуға дайын тұрғанын көрдік. Қазақстан көрмесін көргеннен кейін, маңында орналасқан басқа шетелдік көрмелерді де көріп ,тамсанып қайттық. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетуге тырысқан. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастыратын өндіріс орындарының жобасын келушілерге көрсетуде.

 


– «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуының өзі көп жылғы тарихы бар, – дейді «Шолақсай-1» ЖШС шаруа қожалығының басшысы Мәди Өмірзақұлы. – Дүниежүзілік көрме техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіліп жатыр. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болмақ. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті еткізіп қойған. Әсіресе, бүгін маған қатты ұнағаны қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен танысқанымыз. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осындай көрме көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық . Мен бүгін 100-ге жуық ауылдастарымды алып келгеніме мақтанамын.

 


Мәди Өмірзақұлының бірнеше шолақсайлықтарға билетті тегін алып беріп, жол қаражатын өзі көтеріп жатса ауылдастары да «ұлдарын» мақтан етері анық. Міне , сөйтіп Шолақсайлықтар Астанаға барып ЭКСПО-ны көріп тамсанып та қызығып та қайтты.

 


Саулеш Жұматова
Шолақсай ауылы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев