Ұстаз мақтанышы

29 июня 2017 - Веб-редактор
article14177.jpg

Ұлы Абай өзінің қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауға қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

 


Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Әр педагог оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуы тиіс. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

 


– Өз ойын көркем тілмен жеткізе білу, оны сауатты түрде қағаз бетіне түсіре білу әр баланың қолынан келе бермейді, – дейді Қазақстан агротехникалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Сұлушаш Құрақбаева. – Кейбіреуінің сөздік қоры жетпей жатса, кейбіреуіне табандылық қажет болады. Шығармашылық жұмыс қажырлы еңбекті талап етеді. Колледжіміздің білікті оқушысы Алан Әбдікәрім өзінің қажырлы еңбегі, талаптануының арқасында жетістікке жетіп отыр. Ол Қазақстан Республикасы «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған республикалық шығармашылық сыртқы байқауына қатысып, «Әдеби шығармашылық» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Айта кететін болсақ, колледжде болып жатқан мемлекеттік тілдегі іс-шараларға Алан белсенді түрде қатысып, жүлделі орындар алуда алдына жан салмайды. Өзінің мінезі де елгезек, оқу үлгерімі де жақсы,бастаған ісін аяғына жеткізбей тыңбайды.

 


Жасөспірімдер өз уақытын босқа өткізбей, әртүрлі жарыстарға қатысып, бойларындағы қабілеттерін дамытып отырса, болашақта өз ісіне жауап бере алатын, еліміздің арқа сүйер азаматы болатынына сенімдіміз.



Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ
сурет ғаламтордан алынды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев