Ақ халатты абзал жандар ардақталды

4 июля 2016 - Веб-редактор
article10912.jpg

Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінде Жангелдин ауданының әкімі Асқарбек КЕНЖЕҒАРИННІҢ қатысуымен Медицина саласы қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік шара болып өтті.

 


Аудан басшысы өз өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ желеңді абзал жандарды мерекемен құттықтады: – Медицина қызметкерлері кәсібінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау мемлекет басшысының тұрақты назарында. Кейінгі жылдары еліміздің медицина саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі мерекені адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дәрігерлердің ерен еңбегінің дүйім жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады. Сөзсіз Сіздердің толассыз еңбектеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Сіздердің тәжірибелеріңіз, жанашырлықтарыңыз, мейірім мен кәсіби адалдықтарыңыз ақ халатты жандарды қоғамның ең биік сатысына шығарды. Біздің әрқайсымыз өмір мен денсаулықтан артық құндылық жоқ екенін түсінеміз. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік медицина саласы қызметкерлеріне жүктеледі.

 


Талай жылдардан бері ауруханада еңбек етіп, ыстығы мен суығын, қызығы мен қиындығын көріп, қазіргі уақытта құрметті зейнеткерлікке шыққан Сандуғаш Тасқалиева мен Жаңылсын Жүсіпбековаға сахна төріне шақырылып құрмет көрсетілді.

 


Іс – шара барысында Қостанай облысы әкімінің грамотасымен әдістеме ұйымдастыру кабинетінің меңгерушісі Валерия Нурпеисова, Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен бас дәрігердің орынбасары, дәрігер акушер – гинеколог Күләнда Кабулова, Қостанай облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен эпидемиолог көмекшісі, медбике Жанар Бимағанбетова, жедел жәрдем фельдшері Сәрсенбай Оразбаев, комплекстік бөлімшесінің аға медбикесі Гүлжан Қабжанова және Жангелдин ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен медицина саласының ардагерлері Күләш Закарина, Қарлығаш Қылышбекова және дәрігер – терапевт Салтанат Сейдахметова, бас медбике Гүлнар Мұхамбетова, Милісай медициналық пунктінің фельдшері Қамар Карибаева, аудандық аурухана медбикесі Алмагүл Ержанова мен жедел жәрдем фельдшері Ғафур Есполов, аурухана шаруашылығының меңгерушісі Марат Мәженов, сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігерінің Құрмет грамотасымен дәрігер – эпидемиолог, жас маман Нұрәділ Исмагулов, Ақшығанақ ауылдық ФАП фельдшері Жанар Досымханова марапатталды. Аталмыш кеште «Ең үздік медпункт», «Ең үздік бөлімше», «Үздік маман – 2016» номинациялары тапсырылды.

 


Бұл мамандық кез келген қоғам үшін ең маңызды болып табылатын адам денсаулығы мен оның өміріне адал қызмет ететін мейірімді сала.

 


Гүлім ЫСМАҒҰЛ
суретті түсірген автор  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео