Дәстүрлі дәрістер жалғасуда

26 июня 2014 - Веб-редактор

Таяуда Н.Дәулетова атындағы кітапханада Сарыкөл аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, «Аққозы қажы» мешітінің бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық пен «Қабдеш ата» мешітінің имамы Мұрат Тоқпаевтың қатысуымен келелі кездесу өтті.

 

Аталған басқосуда оқырман қауым көптеген маңызды мәліметтерге қанығып, бүгінгі қоғамда кеңінен талқыланып жүрген діни ағымдар жөнінде пікірлерін бөлісті. Сондай-ақ экстремизм мен терроризм кеселі де әңгіме өзегіне айналды. 
 
Кездесудің мәртебелі меймандары жиналғандарға мей-лінше ақ пен қараның ара-жігін ажыратып айтып беруге тырысты. Әсіресе, жас буын өкілдері өздеріне қажетті өзекті сауалдарға жауаптар ала алды.
 
– Ата дінімізден адастыруға құштарлар аз емес. Дінді, шариғатты көшеден емес, ме-шіттен келіп үйреніңіздер, – деді Дәулетбай қажы. – Өздеріңізді мазалаған сұрақтар болса, мешіттегі имамдар жауап бере алады.  
    
Сарыкөл ауданындағы ақ-параттық насихат тобының белсенді жұмысы туралы бұған дейін де жазылған. Игі шаралар аудан орталығында жалғасын тапты. Діни сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында өткен дәрістің басы-қасында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, ақпараттық насихат тобының мүшесі Елена Бауэр жүрді. Ол өз сөзінде Ақтөбе, Алматы, Ақтау қалаларында орын алған жат ағымдардың жаға ұстатарлық жағдайларын тілге тиек етті. Еліміздегі діни бірлестіктер мен теріс ағымдар туралы баяндады. Қоғамды тығырыққа тіреген мәселелер көтерілген жиында бас қосқан қауым көптеген келелі кеңестер естіді. Енді, дәрістерге қатысқан көпшілік «иегова», «таблиги жамағат», «салафизм» ағымдарының ақиқаттан алшақ амал-әрекеттерін, әсіресе, жас буынның санасын улайтын айла-тәсілдерін біліп жүретін болды. 
 
Руслан ӘЛКЕЙ
Сарыкөл ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео