Елімізде киіктер саны артып келеді

22 июня 2017 - Веб-редактор

Жақында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы, киіктердің санағы, өрт қауіпті кезең мен орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен АЙНАБЕКОВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз орталығы. 

 

 

Балық қорғау акциясы бойынша екі айда қажетті шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 1 024 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық фактісі анықталған. Соның ішінде, 826 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 129-на қылмыстық іс қозғалған.

 


Акция барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 13,4 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынып, олардан мемлекет бюджетіне 8,6 млн теңге өндіріліп алынған.

 


Марлен Айнабековтың айтуынша, бұзушылардан 64,3 тонна балық, оның ішінде 3,126 тонна бекіре тұқымдас балық және 11 кг оның уылдырығы кездескен. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан 5 134 дана аулау құралдары және 118 бірлік жүзу және 42 көлік құралдары алынған.

 


Брифингтегі басты мәселе ретінде 2017 жылғы киіктер санағының қорытындысы жарияланды. Осылайша Қазақстандағы киіктердің үш популяциясының жалпы cаны 152 мыңға жеткен. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш киіктер санының 40,9 %-ға өскенін көрсетеді.

 


Өрт шығу қаупі кезеңінің басталуынан бастап мемлекеттік орман қорының аумағында ауданы 1395,5 гектарды құрайтын 106 орман өрті тіркеліп, соның ішінде 171,7 гектар орманмен қамтылған.

 


Былтырғы жылмен салыстырғанда орман өртінің саны екі есеге өсіп, ал оның ауданы 10 есеге ұлғайған.

 


Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында Комитет пен аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандарымен барлық мемлекеттік орман иеленушілердің өрт шығу қаупі кезеңіне дайындықтары бойынша тексеріс өткізілген болатын. Оның қорытындысы бойынша, орман мекемелерінің өрт шығу қаупі кезеңіне дайындықтардың әлсіз екендігі анықталған. Оның басты себебі орман мекемелері материалдық-техникалдық базамен нашар қамтылғандығында болып отыр.

 


Жалпы алғанда облыстық әкімдіктердің иелігінде ауданы 22 млн гектар болатын 120 мемлекеттік орман шаруашылығы немесе жалпы ауданының 79% болатын мемлекеттік орман қоры бекітілген.

 


Мұндай жағдай өртке қарсы техниканың саны жеткіліксіз және ол облыс әкімдіктерінің орман мекемелерінде нормадан шамамен 65 %-ды құрайтындығын көрсетеді.

 


Үстіміздегі жылғы көктемгі кезеңде 17,3 мың гектар ауданда орманды молықтыру және егу жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелерінің аумағында – 9,5 мың гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Комитеттің басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарының аумағында – 7,7 мың гектар. Егу әдісімен құрылған орман дақылдарының көлемі 17,2 гектарды құрап отыр.

 

 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео