Қорық жайы қаралуда

23 июня 2016 - Веб-редактор

Қарабалық ауданының тұрғындары Михайлов қорықшасында ауыл шаруашылығы жұмыстарын қалпына келтіруге ниетті. Бұрындары мемлекеттік табиғи аумақтың жерлері егістік, шабындық және жайылымдық мақсатта пайдаланған. Дегенмен, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтар туралы заңнамасына сәйкес жерлерді игеруге тыйым салынды. 

 

 

Себебі, прокурорлық тексерістер нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Бүгінде аталған мәселе бойынша аудандықтар Үкіметке өтініш жіберіп жауабын күтуде. Аумағы ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмейді деген желеумен Михайлов қорықшасын пайдалануға Жоғарғы соттың уақытша тыйым салғанына үш жылдай уақыт өтті. Алайда, бұл шектеудің тиімділігінен гөрі, зияны көп дейді жергілікті билік. Бұрындары шаруаларға орман билеттері беріліп шабындық, егістік және жайылымдық жерлер мақсатты пайдаланылатын. Ал ақзір қорықтағы «Қызылкітапқа» кірген жабайы жануарлардың популяциясы азайып, топырағы құнарлы егіс алқаптары бос жатыр.

 


Қорықта орын алған осындай жағдайдың салдарынан орман өрті белең алған. Өткен жылы жасыл желек жеті мәрте отқа оранып, 4353 гектар аумақ жапа шекті. Бұл соңғы алты жылдағы кезеңнен бергі өрттің 80 пайызына тең. Ал биыл бір өрт оқиғасы тіркеліп үлгерген.

 


– Қураған шөптерді бақылауға алмай өртеудің кесірінен орман өрттері орын алуда, – дейді Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әмірхан Мауқұлов. – Тұрғындар бей-берекет осындай қадамдарға барып жатады. Заң жүзінде Михайлов жасыл желегінде қадағалау шараларын жүргізуге тыйым салынғандықтан төтенше жағдайлар тіркелуде.

 


Табиғи аумақты игеру мәселесіне қатысты облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы министрлігіне хаттар жолданған. Министрлік тарапынан «Ерекше қорғауға алынған аумақтар» заңына өзгертулер енгізіледі деген хабар келіп түскен. Енді ұсыныс Президент әкімшілігінің қарауына алынған.

 


– Әрине, барлығы заң жүзінде шешімін тапқаны жөн, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. – Қорықтың болашағы бәрімізді алаңдатады. Табиғи аумақ мақсатты пайдалануды, қорғауды қажет етеді. Қарабалықтың экономикалық дамуында да нысанның маңыздылығын жақсы түсінеміз.

 

 

Нұрқанат НҮСІПХАН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео