Бүлдіршіндер арасындағы сайыс

15 июня 2017 - Веб-редактор
article14049.jpg

Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы да «Мәңгілік Ел» жобасын қолдайды. Сондықтан кітапхана ұжымы жаз айларында да бүлдіршіндердің бос уақыттарының пайдалы өтулері үшін түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Жақында аудандағы балабақша бүлдіршіндері арасында «Алтын сақа» сайысы өтті. 

 

 

Байқаудың мақсаты – балалардың тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, шығармашылық деңгейін, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбелеу болған. Оған бағын сынау үшін ауданның «Балдырған», «Қаламқас», «Жұпар» балабақшалар мен ауылдық округтерден 12 бүлдіршіндер қатысты.

 


Сайысқа қатысушы бес жастағы ер балалар, бес бөлімнің шарттарын бұлжытпай орындады. Алғашқы кезең өзін-өзі таныстыруға арналған «Тегін білу, тектілік» деп аталған. Мұнда сайыскерлер өзін және өзінің ата-тегін, ұлтын, шыққан жерін, өскен қаласын, туған жерін тақпақтап немесе әнге қосып, тіпті қара сөзбен де әсерлі баяндауға мүмкіндік алды. Келесі «Ер бойына жарасар сәндік киім» атты киім үлгісін көрсету кезең болды. Ал үшінші кезең сұрақ-жауап түрінде білімділігін байқауға арналып, «Азаматтық айнасы» деген атауда болды. Мұнда бүлдіршіндер билетте жазылған сұрақтарға жауап берді. Төртінші «Өнерпаз болсаң, арқалан» кезеңі бойынша қатысушылар таланттарын ортаға салды. Ал соңғы, әрі шешуші сайыс «Күш атасын танымас». Мұнда ұландардың күші, ептілігі, қырағылығы сарапқа салынды.

 


Бүлдіршіндердің өнерін бағалау үшін мәдениет үйінің әдіскері Лиза Мизамбаева, кітапхана әдіскері Ерлан Олжағұлов, және Ақжол Нұрланұлы қазылық етті.

 


Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіні Тоқтар Шыңғыс алып, жүлделі бірінші орынды «Қаламқас» балабақшасының тәрбиеленушісі Нұрсұлтан Ибрай және «Жұпар» балабақшасынан келген Жалғас Жасұланұлы иемденді. Ал жүлделі екінші орынды аталмыш балабақша бүлдіршіндері Қалыбек Мәди мен Нұралы Тұрғынов қанжығаларына байлады. Үшінші орынды Құмкешу ауылынан Асқар Акпар және амантоғайлық Бекқали Рамазан алды. Сондай-ақ, өзге де қатысушы балапандар түрлі номинациялармен марапатталды.

 


– Бұл байқауға аудандағы бірнеше азаматтар демеушілік етті, – дейді аудандық орталық балалар кітапханасының қызметкері Таңшолпан Исмайлова. –– Мысалға, «Әлфа-Нұр », «Ожан», «Тілектес» ,«Көркем», «Айко», «Сержан», «Болашақ» және «Дастан» атты сауда үйлерінің иелері байқауға үлестерін қосты. Сонымен қатар, байқаудың өтуіне септігін тигізген кәсіпкер Ділдәгүл Байкенова мен Аманкелді аудандық ауыл әкімі Мұрат Сенбайұлына алғысымызды білдіреміз!



Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ
cуреттерді түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев