Теректен төнген қауіп

16 июня 2016 - Веб-редактор
article10743.jpg

Жыл сайын маусым айында облыста өрт оқиғалары жиілейді. Мұның себебі терек ұлпалары. Осыған байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде. Ал оттың тұтануына себепкер болғандарға айыппұл салынатынын ескертеді. 

 

 

Маусым айының бас кезі теректер түлеп, ұлпалары ұшып, тұрғындардың мазасын алатын мерзім. Сондай-ақ, осы кезде өрт сөндірушілердің де жұмысы арта түсетіні белгілі. Себебі, өрт болу оқиғасы жиілейді. Ұлпаның өртенуі салдарынан құтқарушылар үшін күніне дабыл 40-50 мәрте қағылады екен.

 


– Көшедегі жөндеу жұмыстары кезінде газ, электр, дәнекерлеу құралдарын қолданғанда абай болған жөн, – дейді облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімов. – Шылым, сіріңке тұқылдарын кез келген орынға тастаудан сақ болу керек. Балаларға да терек ұлпаларын өртеу қауіпті екендігін айтып, тыйым салған дұрыс. Есте сақтар мәселе, балалардың ойынының кесірінен өрт шығатын болса, келтірілген шығынды ата-анасы өтейді.

 


Былтырғы жылдың сатистикалық мәліметтеріне үңілсек, ақ мамықтың себебінен өңірде 169 өрт фактісі тіркелді. Қыруар көлемде материалдық шығын келтірілді. Көбіне-көп жеке сектордағы үйлер, жылу трассалары, саяжайлар, тіпті темір тұлпарлар қызыл жалынға оранған. Терек түбітімен коммуналдық шаруашылықтар да күресуде. Былтыр біразының тұқым шашатын бұталары кесілген. Бірақ, нәтижесі шамалы.

 


– Терек ұлпаларын жедел жинап алуға коммуналдық қызметтердің мүмкіндігі жетпейді, – дейді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Теменов. – Сондықтан, тұрғындар, мекемелер қызметкерлері ұлпаларды жинауға өздері атсалысып, су себе отырып, бір жерге үйіп, жинауы тиіс. Сол кезде ғана өрт шығудың алдын-алуға болады.

 


Соңғы демалыс күндері облыс орталығындағы толассыз жауыннан соң, ақ ұлпа азайғандай. Алайда, мамандардың хабарлауынша, өңіріміздің басқа аудандарында теректен төнер қауіп сейілген емес. Сондықтан, аптапты маусым аяқталып, теректердің түлеуі тоқтағанша, әр азамат сақтық шараларын қаперлерінен шығармауы тиіс.

 

 

Нұрқанат НҮСІПХАН
суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео