Нашақорлықтан айығудың амалы

16 июня 2016 - Веб-редактор

Есірткіге тәуелділіктен емделіп шыққан науқастар кейін өмірде өз орнын таба алмай, көбіне-көп қайтадан үйреншікті әдеттеріне оралып жатады. Осылайша, олардың «түзелемін» деген үміттері алыстай береді. Облыстағы жалғыз медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы есірткіге тәуелді жандарды емдеудің кешенді бағдарламасын жасап, оны қазіргі күнде тиімді қолданып келеді.  

 

 

Емдеу мекемесінен ем-дом қабылдап шыққандар бүгінде ортаға бейімделіп, қоғамның тең мүшесі атанып жүр. Алтынсарин ауданындағы Силантьев ауылындағы 25 орынға шақталған медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Есірткіге тәуелді жандар облыс орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан үш қабатты ғимаратта ем-дом қабылдайды. Мұнда ең әуелі дәрігердің қадағалауымен науқастың ағзасына тазарту жасалады. Ескі әдетіне итермелейтін ортадан арылтады. Содан кейін ғана тиісті емдеу шаралары жүргізіледі.

 


– Психотерапиялық курстар жеке және ұжымдық түрде жасалады, – дейді Медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының маманы Балжан Өтелбаева. – Еңбекке балу ерекше назарда. Орталық аумағында 3 га жер бар. Пациенттер көкөністер егіп, бақшаға күтім жасайды. Осылайша еңбекке жұмылдыру арқылы есірткіге психологиялық тәуелділіктен құтылуларына күш саламыз.

 


Есірткіге шалдыққан жандар мемлекет тарапынан орталықта тегін емделеді. Науқастарды сауықтыруға өте көп уақыт кетеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бір-екі айдың ішінде жазылып шығу іс жүзінде мүмкін емес Себебі, нашақорлық созылмалы дерт. Зиянды әдеттің құрсауынан арылудың амалдары жайлы Балжан Өтелбаева өз әңгімесінде жалғастырды: – Нашақорларды күштеп емдеу тәсілі де жүргізіледі. Әрине, күштеп емдеу өз еріктерімен келгендерге қарағанда екі есе қиынға түседі. Ол үшін орталыққа алдымен туыстарының немесе ата-анасының өтініші керек. Содан кейін құқық қорғау органдары біздің өтінішіміз бойынша ол адамды осында алып келеді. Егер нашақордың жақындары өтініш жасамаса, оны еркінен тыс емдеуге біздің құқымыз жоқ.

 


Ерік-жігері күшті адамның нашақорлықтан арылуға толық мүмкіндігі бар. Ең бастысы, есірткіге психологиялық тәуелділіктен құтылу қажет. Алкогольді ішімдіктер адамның ағзасын улап, бауырын зақымдаса, есірткі негізінен миды, жүйке жүйелерін зақымдайды. Мамандардың айтуынша, жақындарының қолдауына ие болған, қоршаған ортасымен түсіністік тапқан адам ғана есірткіден бас тарта алады.

 


Нұрқанат НҮСІПХАН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев