Нәтижелі еңбек

16 июня 2016 - Веб-редактор
article10737.jpg

Міне, мектептегі қызықты күндер аяқталып, соңғы қоңырау үні де соғылып, Ұлттық бірыңғай тестілеуді де тапсырып көңіліміз шат-шадыман болуда. Шолақсай орта мектебі ұжымы биылғы соңғы қоңырауға мұқият дайындалды. Жыл бойы жұмысты жақсы атқарған ұстаздардың еңбегі еленді. Оқу жылының қорытындасында мектептің қоғамдық жұмыстарына қажетті көмекті аямай, балалардың ыстық тамақпен қаматамасыз етілуін өз мойнына алған Мади Өмірзақұлы ИХТИЛЯПОВ марапатталды.  

 

 

Ал, үздік атанған шәкірттердің қуанышында шек жоқ. Қазақстанға танымал қос орденнің иегері Өмірзақ Бекділдәұлы барлық үздік атанған оқушыларға ақшалай сыйлық таратты. Бұл бала үшін ең үлкен сыйлық. Жүздеріне үйірліген қуанышты жасыра алар емес.

 


Салатанатты шарада ұрпақтар сабақтастығының айқын үлгісі байқалды. Себебі, мектеп бітірушілердің кешіне оқудың алтын ұясынан қанат қаққандарына 50 жыл толған аға-апалары арнайы келді. Алдыңғы буынның жүрекжарды баталары әр түлек үшін ерекше маңызды.

 


– Біз де өздеріңдей жас болғанбыз, – деп сөз бастады Өмірзақ Бекділдәұлы. – Осы алтын ұяда бапталып, алған тәлімнің арқасында әрқайсымыз биік белестерді бағындырдық. Ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Қандай да биіктерден көрінсеңдер де, қайдан шыққандарыңды ешқашан ұмытпаңдар. Елдің азаматтары болып қалыптасуларыңа ниеттеспіз!

 


Шолақсай орта мектебінде шынында да бұл күн басқа сәттерден ерекшеленіп, әр ауылдықтың жадында жатталып қалары сөзсіз. Науырзым аудандық әкімідігінің аппаратының жетекшісі Абишев Болат Саматұлы Камалиева Рыскүл Асқарбекқызы мен Боблева Вера Григорьевнаны аудандық оқу бөлімінің басшысы Айсин Мейрамбек Өмірзақұлының атынан мақтау қағазымен марапаттады. Осы күні білім бөлімінің бас маманы Ленц Екатерина Фридриховна Халықаралық олимпиада «Пони» жарысына оқушыларын жақсы дайындағаны үшін, Прищепа Ольга Анатольевнаға алғыс хат ұсынды. Математика мұғалімі Куличенко Валентина Борисовна, ағылшын тілі пәнінің ұстазы Нұрғалиева Гүлден Айдаржанқызы, бастауыш сынып мұғалімдері Осипова Гүлгүл Мырзағұлқызы, Айтекова Қарлыға Тайшығарақызы, Пискунова Наталья Борисовна, технология пәні мұғалімі Ковальчук Лидия Ивановна, математика пәні мұғалімі Хаицеевич Наталья Юрьевна, физика сабағының мұғалімі Гафарова Наталья Анатольевна бір жылғы оқу қорытындысы бойынша, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


Ауылдық әкім Киселева Надежда Дмитриевна топ жарған спортшылардың да еңбектерін елеусіз қалдырмады. Біздің жастарымыз Науырзым ауданының намысын облыстық жарыстарда да қорғап жүр .Сол еңбектерін елеп, Науырзым аудандық спорт бөлімінің басшысы Жабағин Ерболат Төлендіұлының атынан Фазылов Данияр, Давлетшин Равшид, Пискунов Артем, Баяхметова Алтын қошеметке ие болды.

 


Мектеп талантты жастардан кенде емес. «Бұлақ көрсең көзін аш», демекші, мектептің қоғамдық жұмыстарына атсалысқан Жұмабаев Ержігіт, Нұрлан Ерінбекұлы, Таңшолпан Сабыржанқызы, Муслипова Балым Ауезханқызы, Салтанат Асқарбекқзы және Мөлдір Ормантайқызы мектеп әкімшілігінің алғысына бөленді.

 


Ұстаздың жетістікке жетуі үлкен бақыт. Ол – еңбектің нәтижесі. Дихандар күздің молшылық айыларында егін орып, нәтижесін көрсе, ұстаздар жадыраған жаз маусымында өз еңбектерінің еленгенін сезеді. Ендеше, ел ертеңін жалғастырар болашақ жастар жігерлі, зерделі болса, бірілігіміз жарасса, келер жылдан да көп үміт күтеріміз анық.

 

 


Жұмабике Нұрсейітова 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео