Бас жүлде – қажылық

4 июня 2015 - Веб-редактор

ҚМДБ қазақ күресінен мешіт жамағаттары арасында ІІ республикалық турнир өткізбек. Жарыс алтыншы маусымда Алматы қаласында болады.


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған турнирге салмағы 74 келіден жоғары түйе палуандар қатысады. Мешіт жамағаттары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесін сарапқа салмақ. Палуандарды тіркеу және салмақ өлшеу жұмыстары, палуандар денсаулығының жарамдылығын анықтау маусымның 3-4 күндеріне белгіленген. Шарт бойынша боз кілемде 18 жастан асқан әуесқой спортшылар ғана белдеседі. Кәсіби спортшылар жарысқа жіберілмейді. Жеңімпазға қажылық сапарға жолдама беріледі. Екінші жүлдегер палуан умраға баруға жолдама алса, үшінші орын иегеріне бағалы сыйлық тағайындалған. Сондай-ақ Бас мүфтидің мақтау қағазы мен медальдар бар.


Асыл ҚАСЫМ

 

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео