Мен – патриотпын!

7 июня 2018 - Веб-редактор
article16860.jpg

 Аталмыш шарада облыстың дамуына үлес қосқан әр саладағы бірнеше азаматтар марапатталды.

Төртінші маусым еліміз үшін ерекше күндердің бірі. Өйткені, бұл күні мемлекетіміздің тәуелсіздігін, еркіндігін танытатын рәміздер күні аталып өтіледі. Еске салсақ, 1992 жылғы төртінші маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Ал 2007 жылдың төртінші маусымында рәміздер туралы Конституциялық заң қабылданып, сол күннен бастап мереке ретінде бекітілген болатын.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – парыз.

– Баршаңызды облыс әкімі Архимед Бегежанұлының атынан ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын, – дейді облыстық ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Зәуре Байменова. – Биылғы жылы мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 26 жыл толып отыр. Олар халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздер еліміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын белгісі. Үстіміздегі көкпен түстес желбіреген байрағымыз қазақ халқының бір аспан астындағы бірлігін көрсетіп, қыран бүркіттей елімізді биікке қалықтатып тұр. Елтаңбамыз бір шаңырақ астында қанатты тұлпарлардың қорғанышымен, темірқазық жұлдызы көрсеткен жарқын жолмен келе жатқан ұлттың көрінісі. «Менің Қазақстаным» атты әуен елімізді ұлы болашаққа көтеріп бара жатыр. Сондықтан Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік жолындағы ең басты құндылықтардың бірі болып саналады.

Кеш барысында өңірдің әр саласына өзіндік үлестерін қосып жүрген жандар ерекше марапатқа ие болды. Олардың қатарында білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін Назарбаев интелектуальды мектебінің 12-ші сынып түлегі, бірнеше байқулардың жеңімпазы Владислав Чаусов, спорттағы жетістігі үшін №2 балалар және жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің тоғызқұмалақ бойынша жаттықтырушысы Қымбат Нүсерова бар. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібі саласына қосқан үлесімен ССКӨБ Автокөлік басқармасының таукен және жол техникасы бөлімінің бастығы Әлібек Новотеев, ауыл шаруашылық саласындағы ерекше жетістігі үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қарабалық ауыл шаруашылық эксперименттік станциясы» ЖШС №1 бригадасының механизаторы Ринат Мурадымов марапатқа ие болды.

Ринат Фаридович «Вектор» комбайнындағы 2017 жылғы егін жинау науқанының ең жоғары көрсеткіші – гектарына 17 центнерден 19 745 гектар көрсеткен. «Қарабалық ШОС» ЖШС-де 1997 жылдан бастап механизатор болып жұмыс істейді. Көптеген жылдар бойы ол жетекші болып табылады, астық жинау кезінде астық жинауда бірінші орын алады.

Іс-шарада мәдениет, дансаулық және өзге де салада жетістікке жеткен жандар марапатталды. Кеште рәміздерге, Отанға арналған патриоттық әндер шырқалды.

Ақбота САҚҰЛОВА

суреттерді түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев