Жол мәселесі жонға батып тұр

9 июня 2016 - Веб-редактор

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшелері Меңдіқара ауданында болып, бірқатар жобалардың жүзеге асырылуын талқылады. Ауданда, әсіресе, тас жолдарға қатысты түйткілдер шешімін күтіп тұр. Негізгі бөлігі өткен ғасырдың 60-80-ші жылдары салынған. Көптен жөндеу көрмеген. Жылдан-жылға бөлінетін қаражаттың көлемі де мардымсыз. Депутаттар сала мамандарымен бірге мәселені біржақты етуді қарастырды.  

 

 

Меңдіқара ауданы бойынша жолдардың сапасы сын көтермейді. Соңғы бес жылда облыстық бюджет есебінен аудандық маңызға ие 381 шақырымға бар жоғы 160 млн теңге бөлінді. Сәйкесінше, бұл сомаға күрделі емес, тек ағымдағы жөндеулер жасалды. Аудандағы апатты күйдегі жолдардың қатарына Боровской – Ұзынағаш бағытындағы жол кіреді. Осыдан жарты ғасыр бұрын төселген асфальттың әбден тозығы жеткен. Жол бойында 3 ауылдық округті қамтитын 5 мың тұрғын мекен етеді.

 


– Кез келген елді мекеннің гүлденуі мен дамуында – тас жолдың алатын орны ерекше, – дейді облыстық мәслихаттың депутаты Марат Ахметов. – Ауылдық кәсіпкерлердің өз істерін мүдіріссіз жүргізуіне медициналық саланың да іркіліссіз дамуына жақсы жол қажет. Бұл аудандағы жолдарға қатысты мәселелер өз уақытында шешілетін болады.

 


Ұзынағашты аудан орталығымен байланыстыратын 20 шықырымдық жол сәтін салса, келесі жылы қалыпқа келтіріледі. Бұл мақсатта биыл 28 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленбек. Соның негізінде күрделі жөндеуге 2 млрд теңге облыстық қазынадан бөлінуі тиіс.

 


– Жол үш жылдың көлемінде жаңа кейіпке енеді, – дейді Жолаушылар тасымалы және автомобильдер жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ғалымбек Шохметов. – Жыл сайын 7 шақырымнан жөнделеді деп болжаймыз. Сол сияқты 2017 жылы Қостанай-Веденка бағытында 161 млн теңгеге орташа жөндеу жасайтын боламыз.

 


Ауданда шойын жолдың жоқтығынан жүк тасымалы тек қана тас жолы арқылы жүргізіледі. Ал бұл сапаға нұқсан келтіруіне бірден-бір себеп. Жергілікті билік көліктік инспекцияның жұмысын ширатуға шақырады. Яғни, шамадан тыс жолға салмақ түсіретіндермен күрес әлі де тиімділікті қажет етеді дейді аудан басшылары.

 


– Біздегі жолдардың дені ескі технологиялармен салынғанын ескерген жөн, – дейді Меңдіқара ауданының әкімі Виктор Ионенко. – Жаңа ережеге сәйкес жүк көліктерінің өзегіне белгіленген салмақ 6 тоннадан 10-12 тоннаға дейін ұлғайды. Бұл да жолдың тез бұзылуына бірден-бір себеп.

 


Комиссия отырысында Қостанай – Боровской тас жолы да сынға алынды. Аталған жол республикалық маңызға ие болғандықтан, оны қалыпқа келтіру ісіне республикалық бюджет жауапты. Сондай-ақ, басқосуда жолдарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын мердігерлерді таңдауда мемлекеттік сатып алу заңын әлі де толықтыру керектігі сөз болды.

 


Нұрқанат ОМАРҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев