Жемісті жобалар

9 июня 2016 - Веб-редактор

2016 жылы өткен 6 айдың ішінде Қостанай гарнизонының әскери сотында үш дөңгелек үстел өткізілді. Оның екеуі Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасымен ұйымдастырылды. 

 

 

Атап айтатын болсақ, Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасының тарапынан Қостанай гарнизонының әскери сотында «ҚР жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексті талқылау» тақырыбымен әскери сотының төрағасы А.О. Исабековпен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға әскер сот пен Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері және Қостанай гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің заңгерлері қатысты.

 


Кездесуде аталмыш кодекстің мазмұны жиналғандарға тиісті деңгейде түсіндірілді, бұрынғы кодекспен айырмашылықтары сараланып, қатысушылардың сұрақтарына жүйелі жауап берілді.

 


Одан басқа Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен Қостанай гарнизонының әскери сотында сот актілерінің уақытында орындалмауына байланысты дөңгелек үстел өткізіліп, Қостанай облысының әділет Департамент басшысының орынбасары және Қостанай облысының жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының басшысы шақырылды.

 


Дөңгелек үстелде жұмыс барысындағы сот орындаушылардың атқару құжаттарын мерзімді екі ай ішінде орындамайтындары, орындаған кезінде де сотқа атқару парақтардың жіберілмейтіндігі және тағы басқа кемшіліктер талқыланды.

 


Алдағы уақытта Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасымен жоғары аталған жұмыстар әрі қарай жалғастырылады.

 

 


Б.Акремжанова 

Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының
аға прокуроры,
әділет майоры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео