Жазасын өтеушілердің құқықтары қорғалады

9 июня 2016 - Веб-редактор

Елбасының бес институттық реформасының «100 нақты қадамында» бас бостандығынан айырылғандарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ерекше мән берілген. Бұл ретте 161/2 түзеу мекемесінде кешенді іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мұнда жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеу және еңбекке тарту мәселесі оң шешімін тапқан. 

 

 

Жазасын өтеушілердің бостандыққа шыққаннан кейінгі қоғамға бейімделуі, оларды жұмысқа тарту өзекті мәселе саналады. 161/2 түзеу мекемесінде профилактикалық және тәрбие жұмыстарын барынша пәрменді жүргізіліп келеді. Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты колония жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста. Сәйкесінше, жазасын өтеп бостандыққа шыққандар аталған ведомстваның қамқорлығына алынады.

 


– Мемлекеттік мерекелердің барлығын жоғары деңгейде атап өтеміз, – дейді жазасын өтеуші Ерлан Садықов. – Әр шараға қатысу біз үшін жақсы әсер етеді. Ерекше серпіліп қаламыз. Жақындарымызбен де жүздесуге мүмкіндік болады.

 


Темір тордың ар жағында отырғандар уақыттарын бос өткізбей, сүйікті ісімен айналысып, еңбекақы алып жүр. Олар барлық жұмыстарын кәсіпкерлердің тапсырысы негізінде атқарады. Тапсырыстар саны мен жұмыс көлемінің көбеюінен алдағы уақытта мұнда жұмыс орындарын ашу мен жұмысқа тартылатындардың қатарын арттыру жоспарлануда.

 


– Еліміздегі құқықтық реформаны жетілдіру мақсатындағы шаралардың бірі түрмелердің санын азайту, жазасын өтеушілерді еңбекпен қамтып, қоғамға тарту, – дейді 161/2 Түзеу мекемесінің отряд басшысы Асылхан Жүсіпов. – Осы мақсатта түзеу мекемесіндегі ақылы еңбекпен қамтылып жатқан жазасын өтеушілер үнемі прокуратураның назарында. Мекеменің санитарлық-тұрмыстық жағдайы, сотталғандар құқықтарының қорғалуы әрдайым бақылауда.

 


Мемлекеттік рәміздер күнін тойлау аясында сотталғандар әнұранымызды айтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу турасында кең мәліметтер алды. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар темір тор қабырғасында әрдайым ұйымдастырылып тұрады.

 


Айдын ШӘЙКЕНОВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео