Дән себілді, енді шөп шабады

9 июня 2016 - Веб-редактор

Облыста егін себу науқаны аяқталды. 4,7 млн гектар алқапқа дән сіңірілді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, дәнді дақылдар 4,2 млн, ал майлы дақылдар 270 мың гектар жерге егілді. 

 

 

Картопты 3,6 мың гектарға, сондай-ақ көкөністерді 671 гектар жерге егу жұмыстары аяқталды. Облыстың шаруашылықтары биылғы жылғы өнім үшін 8,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар алып, пайдаланды. Биылғы жылғы көктемгі егістік және егін жинау жұмыстарын өткізуге «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ арқылы «Тобыл» ӘКБ-нің кепілдігімен 4,4 млрд теңге несиелік қаражат, бір литр үшін 96 теңгені құрайтын 71 мың тонна көлемінде дизельдік отын бөлінген.

 

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері егістік жерлерді өңдеуге, шөп оратын техниканы жөндеуге және дайындауға кірісті.

 

 


Нұрқанат НҮСІПХАН
сурет ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео