Басты мақсат – біліктілікті арттыру

9 июня 2016 - Веб-редактор
article10656.jpg

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы жөнінде Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының біліктілігін арттыру бөлімшесінің басшысы Бадиша Мухамеджанова (суретте) әңгімелеп берді. 

 

 

– Өңірлік оқыту орталығының (ӨОО) мақсаты және мемлекеттік қызметшілерді оқытуда бөлімшеңіздің міндеттері қандай?

 


– Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық мақсаты мен міндеттерін өңірлік деңгейде іске асыру қабілеттілігі бар мемлекеттік қызметшілердің жеке және кәсіптік құзыреттіліктерін арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда өңірлік оқыту орталығы бүгінгі таңда мынадай маңызды міндеттерді атқаруы қажет: жыл сайын кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қажеттіліктерін зерделеу, оқыту тиімділігі мен нәтижелерін бағалау жұмысы, оқу процесінің және өткізілген сабақтар сапасының практикалық бағытталуы, оқытушылық қызметке тәжірибелі, жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді тарту.

 

 

Оқу құқығы мемлекеттік қызметшілер үшін міндет болуы тиіс, өйткені жұмыс нәтижесін кемшіліксіз деп есептеуге ғана емес, оның ішінде өзін де елестетуі керек. ӨОО өз алдына білім беру сапасын арттыруда білімді тек беру ғана емес, алған білім мен біліктердің негізінде оқытуға жататындардың мінез-құлқын өзгертуімен байланысты жаңа міндеттерді қояды.

 


Ал біліктілікті арттыру бөлімшесінің мақсаты мен міндеттері – «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуін жетілдіру үшін мемлекеттік органның тиімді әрекетін жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің базалық және бейінді құзыреттіліктерін дамыту. Сонымен, бөлімше бағдарламалары жеке және басқару құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, өйткені мемлекеттік органның әрекетін бағалауының нәтижесінде негізделген.

 


– Біліктілікті арттыру семинарларында сабақтың қандай түрлері мен әдістері қолданылады?

 


– Оқу менеджменті заманауи құралдардың көмегімен оқытудың практикалық бағытталған, жаңа интерактивті технологияларды және жақсы нәтижелерге жетуге көмектесетін басқа жаңартпаларды қолдану болып табылады. Оқыту процесінде заңнамада өзгерістерге, жаңартпаларға сүйеніп оқыту, мәселелерді талқылау негізінде оқыту, озық тәжірибе арқылы оқыту, кемшіліктерді түзетуге оқытуға ерекше көңіл аударылады. Мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша оқытудың шығу түрлерін де өткіземіз.

 


Оқу менеджменті оқыту әдістемесінде практикаға бағытталған заманауи құралдардың қолдануымен, жаңа интерактивті технологияларды және басқа жаңартпаларды қолдану жақсы нәтижелерге жетелейді. Оқыту процесінде заңнамадағы өзгерістерге ерекше көңіл аударылады.

 


– Ал, қазіргі мемлекеттік қызметші ол қандай болуы керек?

 


– Отансүйгіш, кәсіпқой, тәжірибелі. Біз мемлекеттік қызметшілерде зияткерлік құзыреттілігін, өзі-өзін ұйымдастыру және реттеуді қалыптастырамыз.

 


– Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жүйесіне қандай жаңалықтар енгізілуде?

 


– Біріншіден, жаңартпашыл үдерістер, яғни, оқытудағы қазіргі жаңа технологиялар қолданылады. Екіншіден – оқыту жүйесін ақпараттандыру. Компьютер, интернет арқылы, сол сияқты заманауи құрылғыларды пайдаланып, білімін жетілдіреміз.



– Сіз болашақта жұмыстың қандай учаскелерінде бар күшті жинақтап, жұмылдыруды ниеттеніп жүрсіз?

 


– Болашақта бөлімше оқу материалын беруде жаңа формаларды іздеп және оларды жаңа талаптарға бейімдеумен айналысады.

 


Асыл ҚАСЫМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев