Өнерлі, өнегелі

28 мая 2015 - Веб-редактор
article6878.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау мәселесін жиі сөз етіп жүр. «Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ерекше мәселе» деп мән берген Елбасы, ең алдымен, қыздарымыздың тәрбиесіне көңіл бөлуді айтады.

«Қыздар – болашақ жар, ертеңгі ана, шаңырақтың шырақ-шылары» деді Елбасы. Бұндай аталы сөздер үйде күнде айтылып отыруы керек. Отбасы институтының қоғамдағы рөлін нығайту үшін ауқымды бастамалар қолға алынды. Солардың бірі – «Мерейлі отбасы» байқауы.


Жангелдин аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, Торғай селосында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы кезекті рет жеңімпаздарын анықтады. Байқауда үміткерлер өздерінің тәрбиелі, үлгілі істері мен өнегелі өнерлерін ортаға салып, барынша тырысты. Биылғы қатысушылар саны былтырғыға қарағанда әлдеқайда аз. Байқау қорытындысы бойынша торғайлық Талғат Алматовтың отбасы жеңімпаз атанды.


Алматовтар отбасы аудандағы үлгілі әрі өнегелі отбасылардың бірі. Әулеттің ақсақалы Орекен Алматовты облыс көлемінде білмейтін жан кемде-кем. Тарихымызды зерделеп, әрбір қазақтың шежіресін шерте білетін Орекен ақсақалдың ұрпақтары да аудан мақтанышы. Мәселен, Дилара Талғатқызы мектеп қабырғасында оқып жүргенде, көптеген республикалық ән байқауларында жеңіске жетіп, талай мәрте мерейімізді үстем етті. Қазіргі таңда Оңтүстік Корея елінің астанасы – Сеул қаласындағы өнер академиясында білімін жетілдіруде. Ал, Гүлфайрус Талғатқызы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы, «Алтын белгі» үміткері, биші. Жас өнерпаз облыстық, республикалық байқаулардың гран-при иегері. Өнерлі қос қыз Торғайдағы Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің түлектері.


Аудан мәдениетінің дамуына үлес қоса жүріп, бала тәрбиесін басты назарда ұстаған бұл отбасы кейінгі жас отау иелеріне үлгі болары сөзсіз. Алматовтар отбасы Қостанайда өтетін облыстық «Мерейлі отбасы» ұлт-тық байқауына жолдама алды.


Таңжарық НИЯЗБЕК
Торғай

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео