Әр қадам бақылауда

5 июня 2014 - Веб-редактор

2014 жылы жалпы құны 12 миллиард теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Оның ішінде, индустрияландыру картасы аясында, 8,2 миллиард теңгенің алты жобасы бар.


Жобалар жүзеге асырылғанда бес жүзден астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылмақ. Бірінші жарты жылдықта 433 миллион теңгенің төрт инвестжобасы пайдалануға берілуі болжанып отыр.


Қазір қалалар мен аудандардың әкімдіктері нысандардың әр қадамын бақылауда ұстап, өңір экономикасына серпін берер инвестициялық жобаларға белсенді таңдау жүргізуде.    


– Алдағы жылдары агроөндірістік кешенді дамытуға «Агробизнес – 2020» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосады. Бағдарламада ауыл шаруашылығының басым бағыттарына мемлекеттің зор қолдауы айқын көрініс тапқан, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов. – 2013 жылы ауыл шаруашылығын өрістету үшін облысқа 10,7 миллиард теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 16,5 миллиард теңге қаралды. Яғни өткен жылғыдан 1,5 есе көп.      


Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бі-рінші рет 1,5 миллиард теңге көлемінде инвестициялық субсидиялар бөлу қаралуда. Одан бөлек, агроөндірістік кешен (АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтандыру жұмысына баса назар аударылмақ. Мұндағы негізгі мақсат – төлем қабілетін жақсарту, шаруашылықтарды банкроттан қорғау және несиелік жүктемелерін азайту. Сондай-ақ, АӨК субъектілері үшін тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін
арттыру бағытындағы жұмыстар өз кезегін күтіп тұр. «Агробизнес» аясында фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту шаралары да қолға алыну үстінде.


Есен САБЫР

 

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии